Курстық жұмысты қорғау

2020 жылдың 28 мамырында ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша 2 курс курсанттарымен on-line тәртібінде курстық жұмысты қорғауды ұйымдастырып өткізді.
Курстық жұмыс «Әлеуметтік жұмыс теориясы» пәні бойынша қорғалды. Курсанттар жұмыстарын қорғау барысында презентациялар мен видеобейнелер дайындап, оқытушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Курстық жұмыстардың тақырыптары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстарды қорғау барысында курсанттармен жұмыстың барлық нәтижелері талқыланды және кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамынан құрылған комиссия мүшелерімен оң бағаланды.
Курсанттар профессорлық-оқытушылар құрамына өз алғыстарын білдірді.

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А.Танкибаева