Курстық жұмысты қашықтықтан қорғау

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жұмысын қашықтықтан оқыту нысанында өткізуде. Осыған орай 2020 жылдың 21 мамырында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 3 курс курсанттары «Халықтың түрлі санаттарымен әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша курстық жұмысын қашықтықтан қорғады. 313 және 314 топ курсанттары курстық жұмысты қорғауға презентациялар және видеобейнелер дайындаған. Курсанттардың таңдаған тақырыптары қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тақырыптың мазмұның толық ашып, курстық жұмыстың өзекті мәселелерін қозғады. Курсанттар оқытушылардың сұрақтарына толық жауап беріп, тиісті бағаларына ие болды.

Ішкі істер органдарында
әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева