КУРСАНТТАР ҚОСЫМША ПРАКТИКАДА

«Білікті маман –болашақтың кепілі» демекші отан қорғай алатын жас мамандардың болуы елдің саяси жағдайын көтеріп, оның кемелдене түсуіне үлес косады. Қазіргі танда сапалы қызметкерлердің саны өсіп, адал міндеттерін орындау үстінде. Оған дәлел қаншама жас азаматтардың қызметтік борышын орындау кезінде мерт болып, өмір мен өлімнің арасында жүруі. Қызығынан қарағанда қиындығы көп полиция мамандарының жұмысы күрделі болғандықтан үнемі өздерін дамытып отыруы маңызды талаптардың бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы өз курсанттарын барлық жағынан дайын болуы үшін, қызметтік міндеттерін жақсы түсініп, алдағы уақытта игеріп әкетуі мақсатында Академия аумағынан 2, 3-курс курсанттарын қосымша қызметтік тәжірибеге жіберу арқылы біліктілігін арттыруда.

Курсанттар тәжірибеге 3 бағыт арқылы барады. Олар: «Жергілікті полиция қызметі», «Қылмыстық атқару жүйесі департаменті», «Жол полициясы». Атқарылатын жұмыстарға байланысты курсанттар өздеріне тиесілі міндетті орындап, болашақта орындайтын қызметтерінің қыр-сырын түсінеді. Осындай тәжірибелер арқылы болашақ полиция қызметкерлерінің мамандықтарына деген ерекше құлшыныстары оянып, келер уақытта саналы тәртіп сақшылары болып шығатыны хақ.

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы