Курсанттар «Қазбат» көркем фильмінде

2019 жылдың 24 қарашасында Академияның күндізгі және сыртай оқыту факультетінің 2-курс 203-оқу тобы ерлік пен Отан қорғау қызметі жайындағы «Қазбат» көркем фильміне жол тартты. Көркем фильмде 90-жылдары Тәжік-Ауған шекарасында орын алған қанды қақтығыс жайында баяндалған. Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің Тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқаруы кезіндегі, 1995 жылы көктемде бастарынан өткерген шынайы оқиғалары бейнеленген. 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасы содырлардың тұтқиылдан жасаған шабуылынан от пен оқтың құрсауына түсіп қалғаны туралы баяндалады.
Сегіз жылға созылған қақтығысқа 10 мыңға жуық қазақстандық қатысқан. Жауға қарсы ұрыста қайтпас қайсарлықтың  ерен үлгісін көрсеткен батырларымыз мәңгі есімізде қалмақ.
Көркем фильм курсанттардың бойында патриоттық сезімді оятуға септігін тигізіп, бойына жақсы әсер қалдырды. Сейілдеме қызықты  әрі пайдалы өтті.

203 топ кураторы
полиция капитаны
А. Әбдәлі