Курсанттардың тәжірибелік қызметкермен кездесуі

Қостанай академиясының 4-курс курсанттары Қостанай облысы бойынша УК-166/11 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Қасымов Тимур Балтабайұлымен кездесті.
Кездесудің мақсаты – курсанттардың Академия қабырғасында алатын білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Осы тұста Тимур Балтабайұлы болашақ полицейлерге өз жұмысының қыр-сырымен таныстырып, тәжірибе жағынан ақпаратпен бөлісті. Өз кезегінде курсанттар тәжірибеде кездесетін мәселелер туралы сұрақ қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

Мұндай кездесулер тәжірибелік қызметкерлер мен курсанттар арасында байланыс орнатудың және ақпарат алмасудың маңызды функциясын атқарады, курсанттар ішкі істер органдары қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен пайдалы ақпарат алады.

Аида Сайлау полиция қатарындағы 4-курс курсанты