Курсанттардың тәжірибелік қызметкермен кездесуі

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 302–оқу тобының курсанттары ағымдағы жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Дубаев Марат Хасанұлымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – теорияда оқып, үйреніп жатқан заңдылықтарды тәжірибемен ұштастыру. Барлығымыз да, барлық уақытта теорияны тәжірибемен ұштастыру біраз еңбекті қажет ететінін жақсы білеміз. Осы орайда, Марат Хасанұлы ішкі істер органдарындағы он жылдан астам еңбек өтілімінен мысалдар келтіре отырып, әңгіме-сұхбат өрбітті. Оқу-танысу тәжірибесінде қиындықтар мен түсініспеушіліктермен кездескен курсанттарға, яғни болашақ полиция қызметкерлеріне отбасылық, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі, әйелдер қылмыстылығы, табиғатты қорғау қылмыстылығы, патрульдік полиция қызметтерінен көкейтесті курсанттардың сұрақтарына жауап бере отыра, ісқағаздарды жинақтау, сотқа істі дайындау реттілігі туралы түсіндірді.

Алдағы уақытта да курсанттардың ішкі істер ограндарында тәжірибелік жан-жақты еңбек өтілімі бар офицерлермен кездесуін ұйымдастыру басты назарға алына беретін болады.

ІІО Әкімшілік қызмет
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М.Жумашев