Курсанттардың сессия арасындағы күндері

Күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттары үшін маусым айы қиын, күрделі кезең болып өтіп жатыр. 2 курсты аяқтау емтихандары басталып, алда тағы да теориялық білімдерін нығайту негізінде тәжірибе күтіп тұр. Осы жауапты кезеңдерді өту барысын жеңілдету, моральдық-психологиялық жағдайларын жақсарту, сергіту мақсатында сессия арасындағы сейілдеме ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 16 маусымы күні 202 оқу тобының курсанттары қала орталығына шығып, «Март» ойын-сауық орталығындағы «Арман» кинотеатрына барып сергіп қайтты. Сонымен қатар, орталық алаңда серуендеді.
Күндерін көңілді өткізген курсанттар сессия арасындағы сейілдемеге көңілдері толып, сессияның соңғы аптасындағы емтихандар алдында күш жинағандай болды.

202 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
В. Касенова