«Конституция – тәуелсіздік тірегі» атты тақырыптық көрме

Қазақстан Республикасының ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі – Конституция күні. Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.
Аталған іс-шараға орай Қостанай академиясы кітапханасының оқу залында оқырмандарға арналған «Конституция – тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ата Заңының маңыздылығы мен тарихын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясының тарихын, жетістіктерін таныстыратын басылымдар, фотоальбомдар, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар қойылды.

День Конституции – один из главных государственных праздников Республики Казахстан. Конституция — основа стабильности и процветания Казахстана, гарант прав и свобод каждого казахстанца.
К этой юбилейной дате в читальном зале библиотеки Костанайской академии для читателей была представлена книжная выставка «Конституция – тәуелсіздік тірегі».
На книжной выставке представлены книги, брошюры, фотоальбомы и материалы из периодических изданий, отражающих историю принятия Конституции Республики Казахстан, а также материалы о достижениях за годы независимости страны.

Жалпы кітапхана