КОНСТИТУЦИЯ — ТӘУЕЛСІЗДІК НЕГІЗІ

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумның негізінде қабылданған. 26 жыл бойы осы басты Заңның негізінде түрлі сала бойынша заң дайындауда басты назарға алатын да, негізгі сүйенішімізде осы Конституция.
Осы мақсатта Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу залында киелі оқу ордасының 50 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ата заң күніне арналған «Конституция – Тәуелсіздік негізі» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылып, шолу өткізілді.

Көрмеге Ата заңымыздың үш тілдегі кітаптары, түсіндірмелері, энциклопедиялық анықтамалығы, нормативтік құқықтық актілер жинағы, «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулықтары, оқу құралдары мен альбом-кітаптары және мерзімді басылымдарда жарық көрген «Конституция» туралы мәліметтер қойылды.
Көрмедегі біздің басты міндетіміз – ел Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану, оны құрметтеп, маңыздылығын жоғалтпай сақтау. Бұл біздің еліміздің әрбір азаматының міндеті мен парызы болу керек. Барлық мемлекеттік институттар мен әрбір қазақстандықтың міндеті – осы құндылықтарды қорғау.

Библиограф Р.Нұрханова