«Конституция тәртіп пен заңдылықтың негізі» атты ақпараттық сағаты өтті

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Южный» кітапхана филиалында «Романтик» аула клубының 7-12 жас аралығындағы бүлдіршіндеріне арналған «Конституция тәртіп пен заңдылықтың негізі» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Оған Қостанай академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Қайнар Ерболат Ержанұлы қатысып, балаларға Конституцияның не екенін, оның біздің өмірімізде қандай маңызды орын алатынын, бала құқықтары, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі мен

Тәуелсіздік жылдарынан бері қызметтік барысында қаза тапқан батырларымызды сөзге тиек етті.
Балалар Ата заңымызға, полиция қызметіне деген қызығушылықтарын білдірді. Сондықтан да болар, дәріс сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Бүлдіршіндерді «Конституцияның олардың өмірінде алатын орны», «Полиция қызметкері болу үшін не істеу керек?» деген басты сұрақтар қызықтырды. Полиция подполковнигі өз кезегінде балалардың қойған сұрақтарына жеңіл әрі түсінікті тілде жауап бере білді. Ал дәріс соңында, кітапхана басшылығы пайдалы ақпаратпен бөліскені үшін Ерболат Қайнарға алғыстарын білдіріп, бүлдіршіндер естелікке суретке түсті.

ІжСКБ инспекторы Перизат ЖҰМАБЕК