Коннолли Мэри, Хармс Луиза, Мэйдмент Джейн Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 384 бет.

Әлеуметтік жұмыстың контексі мен теорияларын жан-жақты талдап, таразылайтын оқулық «Әлеуметтік жұмыс: контексімен практикасы» (Social Work: Contexts and Practice) деп аталады. Бұл еңбек Австралия мен Жаңа Зеландиядағы әлеуметтік жұмыстың практика теориялары, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыс түрлері, әлеуметтік жұмыс практикасында кездесетін заңдар және олардың қолданылу ерекшелігі, әлеуметтік жұмысқа бағытталған саясат, әлеуметтік қызмет көрсетуде басшылыққа алынатын философиялық-рухани қағидалар туралы баяндайды. Байырғы халықтардың мәдениеті мен өмір сапасының басты қағидаларын басшылыққа алатын әлеуметтік жұмыс практикасы құндылыққа ие екенін көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың мәдени аспектілері, билікпен байланыс, отаршылдық тарихы, Австралия мен Аотеароа – Жаңа Зеландияның байырғы халқына қатысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыс туралы талдау – бұл кітаптың артықшылығы деуге болады. Кітап авторлары көтерген Транс-Тасмания болашағы туралы мәселелер оқырман үшін ерекше қызық болатынына сенімдіміз.