Кезекті журналдың шығуы!!!







Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2015 жылдан бастап жалпыакадемиялық «Академия: міндет, абырой, ерлік!» атты журналы шығарылып келеді. Өз қолдауын тапқан жалпыакадемиялық журнал қазіргі таңға дейін жылына екі рет басылып шығарылады. Журналдың басылымдарына курсанттардың тақырыбы нақты, мазмұнды өжет мақалалары мен өлеңдері шығарылады. Сонымен қатар журналдың көпшілік бөлігі Академияда өткізіліп жатқан көптеген іс-шаралардан құрылған. Осы жылғы журналдың өзектілігі, жастардың Отанға, Академияға деген сүйіспеншіліктерін  қағаз бетіне түсіруі. Журналда  кейбір курсанттар ана тілдерінде туған жеріне деген махаббатын жеткізді. Біздің өткеніміз болмаса, болашағымыздың да жоқтығы. Сондықтан Академиямызға ел алдындағы қызметін және оның ішкі істер органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық саясатты жетілдіруге қосқан үлесі үшін 2014 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімі берілген болатын. Журналдың алғашқы беттері  әрдайым Шырақбек Қабылбаевқа арналған мақалалардан тұрады. Құқық қорғау органындары оқу орындарының курсанттары жан-жақты болуы маңызды, соған байланысты курсанттардың қоғамдық өмірге атсалысуы, спорттық іс-шараларда жеткен жетістіктері жайындағы мақалаларды Академия бастығының бастамасы мен Академияның баспасөз қызметі мен курсанттар баспасөз қызметі шығарады. Журналдың беттерінде жарияланған барлық суреттерді Академияның фотограф қызметкері Сейтқали Мұхамбетқали Камалов түсірді. Барлығымызға белгілі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыздың бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Жастар жылына» өз үлесімізді қосып, мемлекеттік бағдарламаларға қолдау көрсету мақсатында бүгінгі жалпыакадемиялық журналдың негізгі мазмұны жастар жылына арналып отыр. Академиямыздағы Тәжікстан Республикасының курсанттары да өз үлесін қосты. Курсанттардың қуанышында шек жоқ. Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасов Академия басшылығының атынан курсанттарды құттықтап, журналдарды табыс етті. Қазақстанның 10-15 жылдан кейін қандай болатыны көп  жағдайда мүлдем жаңа жағдайларда білім алып жатқан студенттерге, курсанттарға, жастарға тікелей байланысты болғандықтан, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасымыз жастарға ерекше басым көңіл бөледі, өйткені нақ осы ұрпаққа жаңа, қазіргі заманға сай Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеу қажет. Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы жастарға ерекше рөл берілетін іс-қимылдардың нақты жобасын ұсынған болатын. Осы жоба төңірегінде қызмет жасауды Академия басшылығы мақсат тұтып отыр. Қорытындысы — бүгінгі жалпыакадемиялық журнал.  Бүгін күннің негізін қалап, болашаққа нақты қадам жасау маңызды. Академияда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген курсанттар қаншама десеңші! Олардың  барлығы бір үйдің баласындай. Тәуелсіздік алған уақыттағы жастар мен қазіргі уақыттағы жастардың айырмашылығы едәуір үлкен. Бүгінгі жастардың біліктілігін, жасампаздығын, тапқырлықтарын, тәрбиелерін, адамзат дүниесінде бар барлық қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлт болашағын ойлайтын, қорғайтын, өз еліне патриот ұрпақ ұл-қыздарымызды шетелдің ұрпақтарыннан артта қалмай, заман талабына сай ойлай алуымен, заман талабына сай іс-әрекет жасауына бейімдеу Академия басшылығының  негізгі мақсаттарының бірі. Алдағы уақытта желтоқсан айында шығарылатын кезекті жалпыакадемиялық журналдың мазмұнына Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Каппасов кішігірім тоқталып, курсанттарға бағыт-бағдар берді. Қорытындылай келе, курсанттарымызға сәттілік тілей отыра, алға қойған мақсаттарына жету жолында талмай  еңбектенуін тілейміз.

2-курс курсанты

полиция қатарындағы

Г. Максетова