Игі іске мұрындық болды

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары еріктілермен бірге ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізуге көмектесті.
Республикалық «Халық» қайырымдылық қорының науқаны бір апта бойы жалғасуда. Жеті күн бойы еріктілер облыс орталығында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын отбасыларға 1000 азық-түлік себетін жеткізуі керек.
Жастар ресурстық орталығының волонтерлік секторы басшысының міндетін атқарушы Сымбат Манатованың айтуынша, курсанттардың көмектері өте маңызды.
— Олар бізге 50 келілік себеттерді өлшеп-орап тиеуге, сондай-ақ межелі жерге жеткізуге көмектесті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымшыл командамыздың арқасында біздің жұмысымыз үйлесімді болды. Әр адам бір ортақ игі іске өз үлестерін қосып жатқанын түсінді.
Көмек қолын созған отбасылардың балалары мен ата-аналарының жүздеріндегі қуанышты байқауға болады. Болашақ полицейлерге олардың назары мен көмектері үшін алғыстарын білдірді.
Курсанты Костанайской академии МВД им.Ш.Кабылбаева помогли волонтерам доставить продуктовые корзины семьям, воспитывающим детей с особыми потребностями.
Акция от благотворительного республиканского фонда «Халык»  продолжается уже неделю. На протяжении семи дней волонтеры должны доставить 1000 продуктовых корзин семьям, проживающим в областном центре и близлежащих населенных пунктах.
По словам и.о.руководителя сектора волонтерства Молодежного ресурсного центра Сымбат Манатовой, помощь от курсантов очень значительная.
— Они  помогли нам с погрузкой и фасовкой корзин, а это 50 килограмм каждая, а также с доставкой их по месту назначения. Несмотря на погодные условия, работа у нас была слаженная. Каждый понимал, что вносит свой посильный  вклад в одно общее благородное дело.
Благодарностью для курсантов и волонтеров, конечно же, стали признательные улыбки на лицах  детей и их родителей, которые, не скрывая  радости и волнения, крепким рукопожатием благодарили будущих полицейских за их внимание и неравнодушие.

 Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесі