Жоғары оқу орындары арасындағы оқу — әдістемелік жиын

2019 жылғы 29 және 30 қазан аралығында ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы онлайн-режимде «ІІО реформалау бойынша Жол картасын іске асыру аясында ведомстволық білім беруді жаңғырту» атты ЖОО аралық оқу – әдістемелік жиын өткізді.
Бұл жиынға ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы оқу – әдістемелік орталығының аға оқытушы – әдіскері, полиция майоры А.Наурзбаева өзінің «CLIL әдістемесі бойынша жоғары мектепте оқу сабақтарын өткізу туралы» атты баяндамасын қорғаса, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Н.Турсумбаева «Білім алушылардың психологиялық даярлығының ерекшеліктері» атты баяндамасымен қатысты.
Ғаламтор желісі бойынша онлайн тәртібінде өткен жиынға оқытушылар қызығушылықпен және белсене қатыса отырып, өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, Жол картасын іске асыру аясында ведомстволық білім беруді жаңғырту бойынша қазіргі таңдағы өзекті сұрақтарға жауап алды.
Оқу – әдістемелік жиын барысында ІІО жүйесінде білім алушылардың кәсіби біліктілігін дамыту, ведомстволық білім беруде жаңа инновациялық әдістерді қолдану, ІІО қызмет жұмысында туындайтын мәселелері және тағы басқа өзекті сұрақтар талқыланды.
Осындай деңгейдегі өткізіліп отырған іс-шара оқытушылардың ғылыми тұрғыдан өсуіне мүмкіндік туғызатындығын және қажеттілігін көрсетті.

Оқу – әдістемелік орталығының
аға оқытушы — әдіскері
полиция майоры
А. Наурзбаева

Педагогика және психология
кафедрасының аға оқытушысы
полиция капитаны
Н. Турсумбаева