Жеңілатлетикалық жүгіріс


Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен 8 наурыз күні халықаралық әйелдер күніне орай жетінші рет қатарынан «Әйелдер үшін жер түбіне» атты жеңілатлетикалық жүгіріс өткізілді. Бұл кросс жеңілатлеттер үшін көктемгі маусымды ашты. Ауа райының салқын болғанына қарамастан, 70 шақты спортшы мәреге шығып, өздерінің дене дайындықтарын көрсетті. Жүгірісте Қостанай облысының 2019 жылғы Азия чемпионы болып, өз жастарының тобында әлемдік рекорд орнатқан танымал ардагерлер Поликарпов Сергей, Воеводина Римма қатысты. 3000 метр қашықтығына ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушысы Гүлнұр Тасбулатова қатысуға ниет білдірді. Өзінің күшін дұрыс үйлестіріп және өзінің жүгіріс тактикасын дәл құрып Гүлнұр атаулы спортшылар арасында өзінің 25-29 аралығындағы жас ерекешелігінің тобы бойынша, 16 минут 18 секунд уақытымен жеңімпаз атанды.
Осы спортшыны 8 взвод кураторы дене шынықтыру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры  Евдокименко Виталий Николаевич және дене шынықтыру дайындығының оқытушысы Қазақстан Республикасының чемпионы, полиция полковнигі Исергепов Курманай Шаймагамбетович дайындады.


ДШД кафедрасының басшысы
полиция подполковнигі
М.Абдрахманов