Жемқорлық – қоғамдық дерт

Жемқорлық — бүгінгі күні қоғам дертіне айналып отырған қауіпті кеселдің бірі. Ол заманмен бірге өсіп, өркендеп келеді, тамыр жайып, жайлап барады.

Осы дерттен арылу үшін онымен күресті тек Үкімет пен мемлекеттік өкілетті органдарға қалдырмай, еліміздің әр азаматының борышы деп білу керек. Осылайша, жемқорлықпен күрес оңды нәтиже бермек.
Елбасы осы індеттен арылу жолында алға міндеттер қойды. Осы міндеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің бірлесіп жұмыс істеуі, елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
Елбасы Н. Назарбаев 2014 жылғы 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» қабылдады. Осы бағдарламаны Қазақстан азаматтарының санасына сіңдіру — қазіргі білім беру саласындағы қызмет етіп жүрген әр азаматтың да негізгі міндеті. Осы мақсатта білім беру саласында, нақты айтқанда, Қостанай академиясында да біршама іс-шаралар өткізілуде.

Кураторлық сағат аясында екі оқу тобының курсанттарына «Жемқорлық – қоғамдық дерт» тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара мақсаты – курсанттардың санасына жемқорлықтың қазіргі заманды жаулаған ауыр індет екендігін, ауыр қылмыс екендігін түсіндіріп, адалдықты дос етуге тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, курсанттарға «Ловушка для таракан» атты қысқаметражды жемқор полицейдің тағдыры баяндалған фильм ұсынылды.

Жемқорлық — ғасыр індеті, жас ұрпақты бұл дерттен сақтау – біздің міндетіміз!

полиция аға лейтенанты А. Мұрат
полиция капитаны В. Касенова
201-202 оқу топтарының кураторлары