Жемісті еңбек үшін алғыс

Академияға Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «УК-161/2 мекемесі» бастығы, әділет полковнигі А.Шариповтің атынан алғыс хат келіп түсті.
Бұл хатта ҚАЖ мекемелерінде терроризм, діни экстремизм идеологиясын, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту бағдарламасының қанатқақты жобасын іске асыру кезеңінде атқарылған жоғары сапалы жұмыс үшін академияға, оның ішінде қызметкерлер: М.С. Туйганов, Б.Б. Алпеисов, Д.Е. Абенов, Ш.М. Кабжанова, Е.С. Федотоваға теориялық және тәжірибелік сабақ өткізудегі жоғары кәсібиліктері үшін еңбектеріне алғыс білдіріп, академия жұмысына жемісті қызмет тілейтіні баяндалған.

ІСКБ инспекторы Қ. Нағашыбай