Жексенбі күнін тамаша өткіздік

2019 жылғы 29 қыркүйек күні ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының арнайы  бастапқы  оқыту курсының тағылымдамашыларымен бірге «Қазақстан» кинотеатрына бардық. Кинотеатрдан Ақан Сатаевтың «Томирис» көшпелі патшайымы туралы фильмін тамашалап қайттық. Бұл фильм  өзіміздің тарихымыз тереңнен таралғандығы жөнінде сыр шертеді  және ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүрімізбен, мәдениетіміз жайында баяндайды. Екі жарым жыл бойы түсілген «Томирис» фильмі алғашқы көрсетілімнен-ақ кино сүйер  қауымның жүрегінен орын тапқан сыңайлы, тағылымдамашыларға «Томирис»  фильмі қатты ұнады. Тағылымдамашылардың ойынша осындай  демалыс күндерін тиімді де мақсатты өткізудің пайдасы мол.

Арнайы бастапқы оқыту курсы