Жедел-тактикалық оқу-жаттығуларға қойылған міндеттер сәтті орындалуда. 03.06.2019 27 мамыр мен 14 маусым аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-далалық лагерінде күндізгі оқу факультетінің 3 курс курсанттарымен жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді. Жедел-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты — серпінді дамып келе жатқан жағдай аясында теориялық білімді тереңдету, курсанттардың әртүрлі лауазымдарда функционалдық міндеттерін өз бетінше орындауда практикалық дағдыларын бекіту және штаттан тыс жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығын қалыптастыру, нақты жағдайды дұрыс бағалай білу, төтенше жағдайларда қажетті кәсіби-психологиялық дағдылар мен біліктілікті дамыту. Курсанттардың арнайы операция жүргізу кезінде ІІО бөлімдерінің күштері мен құралдарын пайдалана білуін, сондай-ақ өзінің лауазымдық міндеттерін орындау және заңдылықты қатаң сақтау үшін жоғары жауапкершілікті тәрбиелеу. Оқу-жаттығуларға қойылған міндеттер: — Қызметкерлерді экстрималдық жағдайларда іс-қимыл жасауға кәсіби-психологиялық дайындау. — Арнайы операцияларды жүргізу барысында халықпен жұмыс істеу дағдыларын пысықтау. — Күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына (қауіпсіздігі аралас мекемелерге) қабылдау бойынша жеке құрамның іс-қимылдарын, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жазаны өтеу режимін сақтауға бағытталған кезекші ауысымның іс-қимылдарын машықтандыру. — ҚАЖ мекемесі жеке құрамының сотталғандардың қашуы, тексеру кезінде сотталғандардың болмауы кезіндегі іс-қимыл дағдыларын пысықтау. — топтық бағынбау және жаппай тәртіпсіздік орын алуы туралы хабарлама алған кезде ҚАЖ мекемесі жеке құрамының іс-қимыл дағдыларын пысықтау. — Физикалық күшті, арнайы құралдарды және атыс қаруды қолдану дағдыларын пысықтау. -Құқық бұзушылық (әкімшілік және қылмыстық сипаттағы) анықталған кезде ЖПҚ қызметкерлерінің (учаскелік инспекторлардың, жол-патрульдік қызмет инспекторларының) іс-қимыл дағдыларын пысықтау. -Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде жедел-тергеу тобының іс-әрекетінің дағдыларын пысықтау. — Оқиға орнын (жергілікті жер учаскесін, пәтер, автокөлік құралдарын) қарау дағдысын пысықтау. — Трасологиялық іздерді табу, бекіту және алу дағдыларын пысықтау. — Жауап алу (жәбірленушінің, куәнің, күдіктінің), тінту (автокөлік құралдарын, үй-жайларды және жеке тінту), алу, ұсталғандарды іс жүргізушілік ресімдеу дағдыларын пысықтау. — Адамдарды кепілдікке алған кезде келіссөз жүргізушілердің іс-қимыл дағдыларын, конструктивті диалог пен келіссөз құра білу, өзіне сенім орнату және сендіру, тұжырымдарды дәлелдей білу және ойды қисынды баяндай білу дағдыларын пысықтау. — Жеке психологиялық сипаттамаларды есепке ала отырып, кәсіби икемділік, жедел психодиагностика, психологиялық қарым-қатынас орната білу дағдыларын пысықтау. — Пробациялық бақылаудың бұзылуы анықталған жағдайда пробация қызметінің іс-әрекет дағдыларын пысықтау. — Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау бойынша ЖІШ жүргізу дағдыларын пысықтау. — ЖПҚ күштерімен және жедел қызметкерлермен күдіктілерді ұстау дағдыларын пысықтау. — Дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын пысықтау. Оқу-жаттығуларды өткізу барысында атыс және суық қарудың макеттері, криминалистикалық және басқа да арнайы құралдар, сондай-ақ іс жүргізу құжаттары қолданылады. Осы оқу-жаттығуларды өткізу курсанттарға қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық және физикалық мүмкіндік береді, өйткені ішкі істер органдары орындайтын күнделікті жедел-қызметтік және қызметтік-жауынгерлік міндеттердің күрделілігі курсанттардан жоғары моральдық-ерік қасиеттерін, тамаша психологиялық және дене шынықтыру даярлығын, төтенше жағдайларда қызметтік міндеттерді орындаудың жоғары кәсіби шеберлігін, сондай-ақ оқу бағдарламасының барлық пәндері бойынша білімді, шеберлікті және дағдыларды көрсетуді талап етеді. Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы