Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жаңа оқу жылында кураторлар жұмысына да жаңа мақсаттар қойылды. Академия кураторлар кеңесінің жаңа оқу жылындағы бірінші отырысы өткізіліп, оқу жылына жоспар құрылып, бағыттары белгіленді.

Отырысқа қатысқан тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Р.К. Аужанов топ кураторларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, кураторларға курсанттар тәрбиесіне нық қарауды тапсырды. Сонымен қатар, алдағы оқу жылына мақсаттар қойылып, тапсырмалар берілді.

А. Мұрат
Кураторлар кеңесі төрағасының орынбасары
полиция капитаны