Жаңа Жолдау түсіндірілді

2019 жылдың 6 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің
3 курс 301-302 оқу топтарына кураторлық сағат барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы түсіндірілді.

Психологиялық жұмыс орталығының бастығы, полиция майоры
М.С. Туйганов курсанттарға Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.
М.С. Туйганов Президент Қ. Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталғндығын айтты. Әсіресе, Жолдаудағы есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде толығырақ тоқталып өтті.

Жолдаудың әр бөлімін түсіндіріп өтіп, сөз соңын « …Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын.

Қазақстан – ортақ шаңырағымыз!

Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!

Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі.

Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер.

Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз.

Береке мен бірлік, ақыл мен парасат  халқымызды үнемі алға бастап келеді.

Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық», — деген Ел Президенті
Қ. Тоқаевтың Жолдауындағы соңғы сөздерімен аяқтады.

А. Мұрат 301 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
В. Касенова 302 оқу тобының кураторы
полиция капитаны