Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қарастырылды

2020 жылдың 2 наурызында Академияның Ғылыми кеңес залында ғылыми және педагогикалық магистратураның магистранттарының Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі С.И.Каракушевпен кездесу өтті. Кездесу барысында магистранттардың жеке жұмыс жоспарының бөлімдерін орындау бойынша нәтижелері талқыланды.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай  жас ғалым деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.
Сонымен қатар кездесу барысында магистранттардың ағымдағы жылдың 13 наурызында өткізілетін «Қабылбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясына қатысуы жайында сөз қозғалды. Конференцияда сан түрлі салмақты мәселелер сараланады. Қылмыстарға қарсы тұрудың тың тәсілдері талқыланып, құқықтық жүйені  дамыту турасында ғылыми жұмыстар жарыққа шығарылатын болады.  Құқықтық жүйені жетілдіру бағыты бойынша    жас ғалымдардың аталмыш іс-шараларға қатысуы ғылым жолына негізгі бастама болып табылады.

Магистратура бөлімі