Жарқын болашағың өз қолыңда!

Жақсы мінез, жылы сөз – жан дәруі,
Адамның керек мұны аңғаруы.
Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқаны
Тіптен оңай адасып, сандалуы.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!

Ертеде көне қалада шәкірттері қоршаған шебер тұрған екен. Шәкірттерінің ішіндегі ең қабілеттісі: «Біздің шебер жауап бере алмаған сұрақ бар ма?» – деп ойланып, ол гүлденген шалғынға барды да, ең әдемі көбелекті ұстап, оны алақандарының арасына жасырады. Көбелек оның алақандарының ортасында  аяқтарымен байланып, тыпыр-тыпыр етіп, қыдығын тудырып, шәкірттің күлкісін келтіреді. Күліп, ол шеберге келіп, сұрайды:
— Менің қолымда қандай көбелек бар: тірі немесе өлі?
Ол көбелекті алақанда қатты ұстап, өз ақиқаты үшін көбелекті қысуға дайын болды.
Шәкірттің қолына қарап, шебер жауап берді:
— Барлығы сенің қолыңда!

Әрине, бұл аңыз – әңгіменің астарында терең ойлы мағына жатыр. Жан-жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Бұл – өмір. Қайсымыздың болмасын, мінезіміз, жамандық немесе жақсылық жасау, мейрімді, қайырымды болу, тіпті жалпы өміріміз өз қолымызда. Әркім өз өмірінің сәулетшісі.

Бүгінде осы аңыз-әңгімені бастау ретінде алып, Қостанай академиясы әйелдер кеңесінің жоспарына сәйкес КОФ 4 курс қыздарына «Жарқын болашағын өз қолыңда!» атты психологиялық тренинг өткізілді. Бұл тренингтің мақсаты: білім алушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластық қараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Тренингте көңіл көтеруге, шығармашылық ойлауға және арт-терапия техникаларын қолдануға бағытталған жаттығулар болды. Аталған соңғы бағыты, бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт терапия — бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек беруге байланысты жаттығу.
Тренинг өту барысында курсанттар өздерінің пікірлерімен, шығармашылық ойларымен қуана бөлісіп, жаттығуларға белсене қатысты. Жалпы айтқанда, ұйымдастырылған іс-шара жақсы деңгейде өтіп, алдына қойған мақсатқа жетті деп есептей келе, мақаламды келесі жыр шумағымен аяқтағым келеді:

Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.
Жарқын жолымен жүрейік,
«Болашағын өз қолыңда!»-деген ұранмен.

Академия әйелдер кеңесінің мүшесі, полиция капитаны
Н.Турсумбаева