Жалпыреспубликалық диктантқа қатысты

Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың 8-11 қыркүйегінде қазақ кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы Абай – халық жүрегінде» тақырыбында жалпыреспубликалық диктант өтті. Аталған іс-шараға 11 қыркүйек күні Академияның кәсіби даярлық факультетінің 3-курс курсанттары да қатысты.
Іс-шара қазақ тілінде жазу сауаттылығының деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды, сондықтан қолданыстағы (кирилл қарпіндегі) әліпби негізінде жазылды.
Диктантты сауатты жазғандар тілдерді дамыту басқармасының алғысхатымен марапатталатын болады.

Бибінұр Жомартқызы,
Ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімшесінің инспекторы