Үздік қабырға газеттері

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы – ішкі істер органдарының қызметкерлерін жоғарғы дәрежеде оқытып, кәсіби полиция қызметкерлерін түлетіп келе жатқан тарихи оқу орны .

Академияның «Жедел-іздестіру қызметі» кафедрасы ғасырлық тарихы бар, әрі мемлекет үшін маңызы бар сала – «Қылмыстық іздестіру» саласын кәсіби деңгейде дамытып келе жатқан кафедра. Бұл сала мемлекет үшін аса маңызды себебі, қылмыс болған орынға жедел жетіп, ширақ қимылдап, оның ізін суытпай, құқық бұзушыны табуда сала мамандарының кәсібилігі жоғары деңгейде болуы керек. Осы кәсібилікте сала мамандарының жылдан-жылға артып келе жатқаны қоғамды қуантады. Қылмыстық іздестіру қызметі жедел уәкілдер, тергеуші, криминалист, кинолог, зертхана қызметкерлерінен құралады. Олар қылмыс жасап, із суытқандарды іздеумен айналысады. Міне, осындай қиын жұмыспен қатар жүретін өмірде бұл саланың құрметіне орай, қазанның 5-і мемлекет тарапынан «Қылмыстық іздестіру күні» деп аталуы жоғары мәртебе.

Осы «Қылмыстық іздестіру күніне» орай, 3 кезеңнен тұратын «Үздік қабырға газеті» сайысы өтті. Өткен байқауда жоғары шеберліктерін көрсеткен 305, 310, 311 қыздар тобы мен 303-топ 1- орынды иеленіп, Академия бастығының грамотасымен марапатталды. 2-орынды 304, 308, 309 қыздар тобы мен 306-топ жеңіп алды. 3-орынды 307-қыздар тобы мен 306-топ қанжығаларына байлады. Осындай байқау білім алушыларға үлкен сенім мен жігер береді. Алған білімдері қайда жүрсе де, қай салада еңбек етсе де, қай қоғамда өмір сүрсе де қызметтерінде биік шыңға шығаратынына нық сенімдеміз.

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А. Карл