Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды


ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне арналған Идеологиялық жұмыс бөлімімен оқу саптық бөліністің 3- курс басшылығының  ұйымдастыруымен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды тақырыбында өлеңдер, патриоттық әндер мен суреттер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты патриотизмді дамыту, үлкендерге, соғыс ескерткіштеріне құрметпен қарауды қалыптастыру және  әскери ерлікке құрмет көрсету болып табылады.
Бұл сайысқа барлық Академия курсанттары қатысып, бақтарын сынады. Мәнерлеп оқу сайысы бойынша
1-орынды Қуандық Ердәулет Бақтиярұлы,
2-орынды Кривич Юлия Викторовна,
3-орынды Тажибаева Элеанора Владимировна иеленсе, сурет байқауы бойынша:
1-орынға Максотов Айбек Максотулы,
2-орынға Тажкен Айдос Даулетханұлы лайықты деп танылды.
Байқау жеңімпаздары Арнайы Грамоталармен марапатталды.
Бүгінгі сайыста жеңіске жеткен барлық курсанттарды жеңістерімен құттықтаймыз.

ІСКБ инспекторы П.Жұмабек