Ер есімі ел есінен өшпесін!

2019 жылдың желтоқсан айында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде Шырақбек Қабылбаевтың кубогына арналған еркін күрестен ерлер арасында Қостанай қаласының ашық біріншілігі өтті. Бұл іс-шара Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясымен бірлесіп өткізілген маңызды да ауқымды іс-шара десек артық емес. Аталмыш жарысқа 70-тен аса командалар қатысып, боз кілемде бақтарын сынады. Сайысқа қатысқан командалар арасында Қостанай ауданы Қазақстан Республикасы Универсиада чемпионы Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлы басқарған, Қарасу аудандық БЖСМ жаттықтырушысы Нұрсұлтан Баязитов басқарған, Сарыкөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Мусин басқарған, Рудный қаласының БЖСМ жаттықтырушылары, ҚР жүлдегерлері Т. Ершебаев және Ж. Нұрмұхамбетов басқарған және еркін күрестен Қостанай қаласының БЖСМ жаттықтырушысы К.У.Тапалов өнер көрсетті. Осы айтулы жүзден жүйрік командалар арасында біздің Академиямыздың да еркін күрес саңлақтары бой көрсетті. Додамыздың ашылу салтанатында жиналған дүйім жұртқа жарыс жүргізушілері оқу орнымызға есімі берілген еліміздің қайталанбас генералы Қаз КСР-нің 2 мәрте Ішкі істер министрі болған Шырақбек Қабылбаев атамыздың өмірбаянымен қысқаша таныстырып, сол заманның аумалы да төкпелі қырларының көрінісінен қысқаша мәлімет берді. Жарысымыздың құрметті қонақтары арасында бас төреші Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлы, Спорт және Академия ардагері, Академияда самбо күресінің дамуына зор үлесін қосқан запастағы полиция подполковнигі Ташлыков Владимир Семенович, Шеберлер арасындағы самбо күресінен Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Куставлетов Бегайдар Ахметбекұлы — Қазақстан Республикасы спорт шебері Сарсенов Сандыбек Хамитұлы сынды спорт десе ішкен асын жерге қойған ағаларымыз құрметті қонақтар арасынан табыла білді. Және де бас төреші Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлы, Шеберлер арасындағы самбо күресінен Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Куставлетов Бегайдар Ахметбекұлы ағаларымыз сөз тізгінін қолдарына алып, бүгінгі іс-шараның өскелең ұрпаққа маңызды екенін ұқтырып, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.

Аламан додамыз өз кезегінде өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Жарысқа қатысушы палуандарымыз тек боз кілемде белдесіп қана қоймай, бір-бірімен араласып, ара — қатынасын жалғап, сыйласып, тәжірибе алмасып, таныс болып жатқанын да аңғардық. Қазақ атам айтқандай «жігітке жеті өнерде аз» демекші бұл бір әмбебап спорт түрі болған еркін күресті алып жүрген жастарымыз сегіз қырлы бір сырлы, жігіттердің нақ өзі ғой!
Додамызда оза шапқан палуандар:

52 кг. салмақ дәрежесінде:
1- орын Оңдасын Диас, Қостанай ауданы;
2 -орын Батталов Рустем, Қарасу ауданы;
3 -орын Аралбай Ермек, Қостанай қ.

57 кг. салмақ дәрежесінде:

1- орын Мусин Бақытбек, Қостанай СШҮ;
2 -орын Абуев Елдос, Академия;
3- орын Итесов Вахит, Қамысты СШҮ;
3 –орын Алиев Шахрияр, Қостанай қ.

61 кг. салмақ дәрежесінде:
1 -орын Кумажанов Ансаған, Қостанай СШҮ;
2 -орын Абаканов Сағдат, Академия СШҮ;
3 -орын Закариянов Нұржан, Қостанай қ.;
3 -орын Галибеков Бекжан, Академия СШҮ.

65 кг. салмақ дәрежесінде:
1- орын Микибаев Алишер, Рудный қ.;
2 -орын Серәлі Нурболат, Академия;
3 -орын Сәрсенәлі Рүстем, Академия;
3- орын Сейлхан Ардақ, Академия.

70 кг. салмақ дәрежесінде:
1 -орын Смаканов Ержан, Академия СШ;
2 -орын Өсербай Құлмахан, Академия;
3- орын Ташетов Амир, Қостанай СШҮ;
3 -орын Әуелбек Нурдаулет, Академия.

74 кг. салмақ дәрежесінде:
1- орын Амалбек Алмас, Академия;
2- орын Нурпейсов Асат, Академия;
3 -орын Абдурахмонов Маруфчон, Академия;
3 –орын Нургалиев Рысдәулет, Рудный қ.

79 кг. салмақ дәрежесінде:
1 -орын Нугуманов Асанали, Қостанай СШҮ;
2 -орын Бердібеков Досан, Рудный қ.;
3- орын Сербаев Айтбек, Академия I;
3 -орын Лузянин Олег, Жітіқара III.

86 кг. салмақ дәрежесінде:
1 -орын Бисембаев Арман, Қамысты ауданы;
2 -орын Исаев Эмин-Хаж, Рудный қ.;
3 -орын Шакиров Олжас, Қостанай ауданы.

92 кг. салмақ дәрежесінде:
1- орын Аубакиров Адиль, Астана қ.;
2 -орын Жармагамбетов Бақтияр, Академия;
3- орын Турсунов Ринат, Қарасу.

полиция кіші сержанты
4-курс курсанты
Ә. Ілияс