ЕЛ ТІРЕГІ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ

Елбасының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан ІІО жаңғырту бірінші кезекте біздің қоғамымыздың үміттеріне сәйкес сенім деңгейін арттыруға бағытталған. ІІО жаңғырту бойынша Жол картасының бағыттарының бірі – пенитенциарлық жүйені жетілдіру. Осыған орай, 2020 жылы 30 сәуір күні ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық құқық және жазаны орындау кафедрасымен курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес кәсіби даярлық факультетінің 3-курс арасында   «Қылмыстық-атқару құқығын білесің бе?»  атты интеллектуалдық онлайн-турнир өткізілді.
Екі кезеңнен тұратын турнирдің мақсаты — курсанттардың интелектуалдық және танымдық қабілеттерін ынталандыру, эрудиция, жылдамдық, шығармашылық және білім деңгейін көтеру, бәсекелестік рухын дамыту, сонымен қатар курсанттардың бос уақытын тиімді өткізуге ықпал ету.
Турнирдің қорытындысы бойынша I орынды 3-курс  307 – топтың курсанты полиция қатарындағы Мейіргүл Отарбек иеленді.
Қорыта айтсақ, өткізілген онлайн-турнир болашақ полиция қызметкерлеріне берер әсері мол және курсанттардың интеллектуалды деңгейін арттырудың маңызы зор. Себебі, қазіргі жаһанданған заман жас мемлекеттің азаматтарына жаңа талаптар қойып, бәсекелестіктің бәйгесінен қалмау үшін де интеллектуалдық қажеттілігі жоғары.

Қылмыстық құқық және жазаны
орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М.Қалқаманұлы