Елордадағы маңызды кездесу

Қазіргі заманауи талаптарға сай қазақстандық полиция қызметін қоғам мүдделерімен жаңа келбетте ұштастыру саясаты кең ауқым алып отырғаны және осы бағытта нақты іс-шаралар орындау қажеттігі Президент Жолдауларында да, Қазақстан Республикасы ІІМ алқа отырыстарында да тиянақты айтылып, аумақтық полиция департаменттерімен қатар ведомстволық жоғары оқу орындарында да тұрақты түрде іске асырылуда.
23-24 қазанда Нұр-Сұлтан қаласына халықаралық жастар форсайт сессиясына қатысуға барған  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасның доценті, PhD докторы, полиция подполковнигі Д.А. Амангельдиевтің жетекшілігімен теория мен тәжірибені ұштастыру мақсатында Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Есин Данияр Нұрашұлымен кездесті. Кездесу барысында Данияр Нұрашұлы қазіргі заманғы полиция қызметкерлерінің заманауи ақпараттық технологияларды оңтайлы қолдану қажеттігіне назар аудара отыра, қоғамның қарқынды да уақтылы дамуына қазақстандық полицияның қосатын үлесі зор екендігін ерекше атап кетті. Кездесу сұхбат және сұрақ-жауап форматында өткендіктен Академия курсанттары тарапынан қойылған көкейтесті сұрақтарға жауап берген Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Н. Есин мырза алға қойған мақсатқа жету, мемлекет пен қоғам мүдделері үшін аянбай еңбек ету, әрдайым өзінің кәсіби біліктіліктерін арттыру қажеттігін алға тартты. Өз тарапынан Д.А. Амангельдиев пен кездесуге қатысқан курсанттар да осы бағытта полиция жүйесінде және Академия базасында шешімін тапқан жетістіктермен бөлісті. Жастар жылы болып жарияланған 2019 жылды ескере отыра кездесу соңында естелік ретінде вице-министр Қостанай академиясына және курсанттарға Нұр-Сұлтан қаласы туралы сурет альбомын сыйға тартып, жастарға еліміздің рухани жаңғыру аясында полицияның моральдық келбетін одан әрі жетілдіруіне белсенді атсалысуын және халықты қылмыстылық пен құқық бұзушылықтан қорғайтын нағыз кәсіби қызметкерлер болуын тіледі.

ҚП және К кафедрасының доценті
полиция подполковнигі         
Д.А. Амангельдиев