Дәстүрлі кездесу……

2019 жылғы 19 қыркүйекте Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын күндізгі оқыту факультеті 3-4 курс курсанттарымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Қордай ауданы пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Г.Б. Абдиразаков және Қостанай қаласы бойынша ҚАЖД пробация қызметі жұмысын ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы әділет майоры Е.С.Жунусовамен кездесу өтті.
Қазіргі таңда білім беру жаңа форматты қажет етеді, осыған орай кездесуіміз тәжірибеге бағытталған нұсқада өтті.
Келген қонақтарымыз курсанттарға пробация бөлімінің түзеу мекемесінен босап, бас бостандығынан шектелген адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін айтып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жыл сайын елімізде бас бостандығынан айырылған сотталғандардың саны азайып, пробация қызметкерлері жұмысының ұлғаюы туралы мәлімдеді.
Кездесу қызықты өтті. Курсанттар практикалық қызметкерлерге сұрақтар қойып, өздерінің ойларымен бөлісті. Осындай кездесулер болашақ қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға дем қосуда.

Полиция катарындағы
4 — курс курсанты
А. Есламбек