«Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»

Діни сауаттылықтың жоқтығы жастардың адасуына әкеп соқтыратыны белгілі. Сол себепті қателіктің алдын алу негізінде «Жедел-іздестіру қызметі» кафедрасы оқытушыларының бастамасы бойынша Академия курсанттары Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының оқытушы әдіскері Р.Р.Мухановпен кездесу өткізілді. Бұл кездесу курсанттар арасында діни сауаттылықты арттырып, жаңсақ пікірге еріп кетудің алдын алу.

Кездесу барсында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикализмге қарсы иммунитетті қалыптастыру жайында дәріс оқылып, діни экстремизм бағыттарын, лаңкестік әрекеттерін, өзінің осы уақытқа дейінгі жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, бетпе-бет кездескен оқиғаларын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, интернет жүйесіндегі теріс бағыттар, ваххабизм, дәстүрлі дін ханафилық ислам туралы ақпараттармен бөлісті. Бұл кездесу курсанттарымыз үшін тәлім тәрбиесі мол болғанына сенімдіміз.

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы
полиция майоры А.Карл