Дойбы додасы өтті

Дойбы–өте қызықты ойын, ол әлемнің көптеген елдерінде танымал. Біздің Академиямызда да дойбы курсанттар мен офицерлер арасында өте танымал.
19 сәуірде Қостанай Академиясының спорт кешенінде дойбыдан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына арналған дәстүрлі спартакиада өтті. Оған 6 команда қатысты.
Ойындар командалық есепте өтті, командалар 1 қыз бен 1 ер адамнан құралды. Күрес қызу жүріп жатты, қатысушылар күшті бәсекелестік танытып, дағдыларын, іскерліктерін және шеберліктерін көрсетті.
Командалық есепте біріншілік қорытындысы бойынша 1-орынды «ҒАЛЫМДАР» командасы иеленді, екінші орынды «ЖАУЫНГЕР» және «АРЛАН» командалары тең ұпаймен бөлісті, 3-орынды «АРЫСТАН» командасы алды.
Ерлер мен әйелдер арасындағы жеке нәтиже де есептелді. Ерлер арасында 1-орынды С.В. Корнейчук, 2-орынды магистрант полиция аға лейтенанты К.Т. Жалмағамбетов, 3-орынды полиция капитаны М. Қалқаманұлы иеленді. Әйелдер арасында 1-орынды полиция майоры А. К. Наурызбаева, 2-орынды магистрант полиция аға лейтенанты Ы.Н. Ирмагамбетова, ал 3-орынды полиция аға лейтенанты С.Б. Жұмалдина алды.

Дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Жандауов Б.Е.