Диссертациялық қорғау

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының «7М12301 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық магистратурасының 2019 жылы қабылданған магистранттары 2021 жылы 9-10 маусымда көпшілік алдында диссертацияларын сәтті қорғап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясын тамамдады.
Магистранттардың жұмысын әділ де жан-жақты бағалау мақсатында мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамынан өзге де құқық қорғау саласындағы білікті де белгілі маман саналатын Академия оқытушылары қатысты. МАК төрағалықты Орталық Қазақстан Академиясының стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Токубаев Зайрулла Сембайұлы, комиссия төрағасының орынбасары ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының докторы, доцент полиция полковнигі Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы жүзеге асырды.
Магистрлік диссертацияларды қорғау барысында 16 магистрант қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді өз баяндамаларында ұсынып, жұмыстарын сәтті қорғады. Оларға «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» магистрі дәрежесі берілді.
Н. Биекенов өз кезегінде магистранттарды осы қуаныштарымен құттықтап, жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт-сапар тіледі.
Ал магистрлер Академия басшылығы мен жеке құрамына алғыстарын білдірді.

В добрый путь!

В Костанайской Академии МВД им.Ш.Кабылбаева 16 магистрантов успешно защитили диссертации. Всем им присвоена степень магистра национальной безопасности и военного дела.
Магистранты института послевузовского образования, принятые в 2019 году были приняты в научную и педагогическую магистратуру по специальности «Правоохранительная деятельность». 9-10 июня 2021 года успешно защитили публичные диссертации и окончили Костанайскую академию Министерства внутренних дел Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева.
Для объективной и всесторонней оценки работы магистрантов, в работе Государственной аттестационной комиссии приняли участие преподаватели Академии, являющиеся как профессорско-преподавательским составом кафедры, так и квалифицированными специалистами в правоохранительной сфере.
Председательство в ГАК осуществляли первый проректор по стратегическому развитию и научной работе, доктор юридических наук, профессор Токубаев Зайрулла Сембаевич, заместитель председателя комиссии начальник Костанайской академии МВД РК имени Ш.Кабылбаева доктор юридических наук, доцент полковник полиции Биекенов Нурлан Амангельдинович.
Н. Биекенов поздравил магистрантов с этим знаменательным событием, пожелав им счастливого пути с новым багажом знаний.
Магистры выразили благодарность руководству и личному составу Академии.