Джорданова Людмила Тарихи білім: пәні және зерттеу әдістері. — Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 376 бет.

Кітапта тарихи білімнің қалыптасу, қолданылу және өзгеру процестері сипатталады. Тарих пәнінің әдістері, тарихи зерттеуді тиімді жүргізу тәсілдері, тарихи тәжірибенің қазіргі жетістіктері мен әлі де зерделеуді қажет ететін тақырыптары талданады. Еңбек оқырманға тарих пәнінің негізгі мәселелері туралы түсінік беру, оларды ауқымды контексте қарастыру және тарихшылардың қандай жұмыс атқаратынын анықтау сияқты негізгі үш мақсатты көздейді. Сонымен бірге әлеуметтік ғылымдардағы тарихтың рөлі, қоғамдық тарих пен оның түрлері, тарихи білім саласын түбегейлі өзгертетін цифрлық технологиялар мен ресурстарды пайдалану, цифрлық тарихтың тәсілдері, олардың маңызы және тарихшыларға қажетті машықтар кеңінен қарастырылады.