«Деструктивті діни ағымдардың жағымсыз мәні»

 

 

Соңғы кезде кәмелетке толмағандар, әсіресе жас балалар арасында теріс сипаттамаларға діннің аты қосақталатын үрдіс пайда болды. Яғни, «деструктивті дін», «діни экстермизм», «діни терроризм» деген атаулардан көз сүрініп, құлақ тұнатын жағдайға жеттік. Әлбетте, басқа түскен індеттен қашып емес, шешіп ғана құтыла аламыз. Олай болса, алдымен «деструктивті діни ағым», «діни экстермизм», «діни терроризм» ұғымдарының бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін ажырату үшін және кәмелетке толмағандардың осы жолға түсу жолдарын алдын алу мақсатында, сонымен қатар Академия еріктілер жоспарының тармағына сәйкес Қостанай академиясының Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция майоры Туйганов Мырзабек Сардарбекұлы 2021 жылдың 17 наурыз күні  Қостанай қаласы М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 9-11 сыныптары үшін «Деструктивті діни ағымдардың жағымсыз мәні» атты тренинг өткізді.
Тренинг барысында оқушылар осы бағыт туралы естігені және қандай жолға әкелетіндігі туралы білетіндігін айтты. Тренинг өте жақсы деңгейде өтті.

Академияның еріктілер клубы