Депутат Сената Парламента Владимир Волков посетил Костанайскую академию МВД РК

25 тамызда ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков келді.
Депутат Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан жергілікті полиция қызметі мен қылмыстық-атқару жүйесі үшін кадрлар даярлаудың жаңа форматтарымен танысты.
Сенаторға ҚАЖ мекемесіндегі нақты жедел-қызметтік жағдайды модельдеуге мүмкіндік беретін кешенді оқу полигоны көрсетілді.

Сонымен қатар, қонаққа пенитенциарлық жүйеде пробация қызметінің мамандарын даярлау, экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандандырылған орталықтар көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы дәріс залында Владимир Волков Академияның бөлімше басшыларымен кездесіп, құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету туралы әңгімеледі. Сенатор Мемлекет басшысының полиция жұмысын сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмасын іске асыруға қабілетті кадрларды даярлауда сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. Депутат сондай-ақ ведомстволық білім беруді жаңғырту жөніндегі бұдан арғы шаралар шеңберінде ІІМ оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының әлеуметтік жағдайын нығайту мәселелері талқыланатынын атап өтті.

Академия бастығы Нұрлан Биекенов ұжымның жұмыстары мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, Ұлттық Ұланның сарбаздарын оқыту, даярланған және ынталандырылған қызметкерлерді оқытушылық жұмысқа тарту, Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.
Талқылау аясында нәтижелі пікір алмасу өтті. Сапар соңында депутат В.Волков Академия мұражайының экспозицияларымен танысып, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Владимир Волков ұсынылған бірқатар бастамаларды жеке бақылауға алып, Қостанай академиясына тағы да келуге ниет білдірді.

Депутат Сената Парламента Владимир Волков посетил Костанайскую академию МВД

25 августа Костанайскую академию МВД имени Шракбека Кабылбаева посетил Депутат Сената Парламента Республики Казахстан, Председатель Комитета по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Владимир Волков.
Депутат ознакомился с новыми форматами подготовки кадров для местной полицейской службы и уголовно-исполнительной системы, которые реализуются в рамках Дорожной карты по модернизации органов внутренних дел.

Сенатору продемонстрировали комплексный учебный полигон, позволяющий моделировать реальную оперативно-служебную обстановку в учреждении УИС.
Наряду с этим, гостю показали специализированные центры по подготовке специалистов службы пробации, противодействия экстремисткой идеологии в пенитенциарной системе.
В лекционном зале Елбасы — Первого Президента Республики Казахстан Владимир Волков встретился с руководителями подразделений Академии, где рассказал о законодательном обеспечении проводимых реформ в правоохранительной системе. Особое внимание сенатор обратил на вопросы необходимости повышения качества подготовки кадров способных реализовать поручение Главы государства по переходу на сервисную модель работы полиции. Депутат также отметил, что в рамках дальнейших мер по модернизации ведомственного образования обсуждаются вопросы укрепления социального пакета профессорско-преподавательского состава учебных заведений МВД.

Начальник АкадемииНурланБиекенов рассказал о проводимой коллективом работе и реализуемых проектах, а также выдвинул ряд предложений. В частности, по обучению демобилизуемых солдат Национальной Гвардии, привлечению на преподавательскую работу подготовленных и мотивированных сотрудников, укреплению материально-технической базы Академии.

В рамках обсуждения состоялся продуктивный обмен мнениями.
В завершении визита депутат В.Волков ознакомился с экспозициями музея Академии и оставил памятную запись в Книге почетных гостей.
По итогам встречи Владимир Волков взял на личный контроль ряд предложенных инициатив и выразил желание еще раз побывать в Костанайской академии.

Пресс-служба Костанайской академии
МВД РК имени Шракбека Кабылбаева