«Денсаулыққа жол – Президенттік миль»

 

2021 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының стадионында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына арналған «Президенттік миль» жеңіл атлетикалық кросы өтті. Бұл жарысқа алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары қатысты.

«Президенттік миль» — ұзындығы 2400 метр қашықтық. Бастапқыда бұл атауды мектепте оқушылар тапсыратын нормативті белгілеу үшін қолданған. Қазір бұл норма күнделікті түрде барлық жас санаттарына енгізіліп жатыр.
Жарыс әр взвод 10 адамнан тұратын командалық есепте өтті. Командалық біріншілік соңғы қатысушы бойынша анықталды.
Тартысты күрес нәтижесінде 9-оқу тобының ұлдары мен қыздары үздік нәтиже көрсетті, 7-оқу тобының тыңдаушылары екінші орынды, ал 4-оқу тобының тату командасы үшінші орынды иеленді.

Іс-шара соңында дене шынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Ержан Кабидуллинов сөз сөйледі, ол «Президенттік миль» жаппай жүгіру бұқаралық спортты дамыту, взводттардың ұйымшылдығын нығайту үшін қуатты ынталандыру болып табылатындығын және жыл сайын полицейлер осы спорттық іс-шараға қатысуға ниет білдіретінін, бұл полиция қызметкерлерінің дене даярлығының жоғары деңгейін көрсететіндігін атап өтті.

ДШД оқытушысы
полиция лейтенанты
Т.Б. Жиентаев