Демалыс күнінен естелік

2020 жылдың 26 қаңтарында  ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының арнайы алғашқы оқыту курсы 2-оқу тобының тыңдаушылары  Қостанай қаласының орталығына серуендеуге шықты. 2-оқу тобы тыңдаушыларының көбісі басқа облыстардан келгендіктен, қаламен алғаш танысу қызықты өтті.  Тыңдаушылар қала орталығындағы саябақта болып, қала орталығын аралады. Сонымен қатар МАRТ сауда орталығында орналасқан «Арман 3D» кинотеатрында «Под водой» кинофильмін тамашалады. Кинофильмде су асты зерттеу станциясындағы ғалымдар командасының жер сілкінісін бастан кешіріп, мұхиттың қасіретімен алысқандығы бейнеленген. Фильм тыңдаушылардың көңілінен шығып, жақсы әсер қалдырды. Алдағы демалыс күндері тыңдаушыларды Қостанай қаласының басқа да көрнекті орындарымен таныстыру жоспарланды.

2 оқу тобының кураторы
полиция майоры
А. Танкибаева