Демалыс күнінен естелік

 2020 жылдың 23 ақпанында Академияның кәсіби даярлық факультетінің 2-курс 202-тобы  «Қазақстан» кинотеатрында көрсетіліп жатқан  фантастика жанрындағы «Соник в кино» атты шетел туындысын тамашалап қайтты.
Курсанттар үшін кинотеатрға бару, әдетте, демалудың қол жетімді құралы болып табылады, сонымен қатар оның барысында адам тұлғасының қалыптасуына оң әсер ететін бірқатар сезімдер алады.
Іс-шараның мақсаты — взвод курсанттарының Академия аумағынан тыс уақытын бірге өткізе отырып, өзара қарым- қатынастарын одан әрі жақсарту, ұйымшылдық пен бауырмалдыққа баулу. Бүгінгі күн есте қалатын сәтттіге толы болды.

202-топ кураторы
полиция майоры
Д.Карымсакова