Бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізілді

2019 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы  Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов Қостанай облысының аймақтық коммуникация қызметінде  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен «Ведомстволық білім беруді жаңғырту аясында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының даму концепциясы» атты тақырыпта брифинг өткізді. Брифинг барысында кадрларды іріктеу мен даярлаудың тиімділігін арттыруға, ведомстволық білім беруді жаңғыртуға қатысты Жол картасында белгіленген 9 бағыттың үшінші бағытының жекелеген мәселелеріне тоқталды.

Брифингте келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Ішкі істер органдары кадрларын даярлаудың жаңа жүйесі;
  2. «Полиция кафедрасы» жобасы;
  3. Оқыту әдістемесін жетілдіру;
  4. Ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Сонымен қатар Академияның өмірі мен тыныс-тіршілігі туралы бейнеролик көрсетіліп, әр бағытта қарастырылған сұрақтар бойынша слайдтар көрсетілді.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдері полиция полковнигі Нұрлан Биекеновке әртүрлі  бағыттарда сұрақтар қойылды.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы