Білікті маман!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы №18 бұйрығына сәйкес «Самбодан жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы жаттықтырушы» біліктілік санаты №25489 куәлігі денешынықтыру даярлығы кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Ержан Айтбайұлы Кабидуллиновқа берілді.
Облысымыздың және Академия курсанттарын баптап, шеберліктерін шыңдап жүрген жаттықтырушымыз және білікті оқытушымыз Ержан Айтбайұлының жылдар бойы істеген жұмысы ақталып еңбегі бүгінде жемісті болуда. Болашақта елімізге әлем және олимп шыңын бағындыратын мықты спортшыларды тәрбиелеп, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушылар қатарында көретінімізге сенімдіміз.

ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Р. Кутымбаев