Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына келген қызметкерлерге кәсіби бағдарлау іс-шарасы

2019 жылдың 1 қарашасында Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты магистратурасының бастығы, PhD философия докторы, полиция майоры Е.Е.Қайнармен — Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына келген қызметкерлерге магистратураға және доктарантураға қабылдау бойынша кәсіби бағдарлау іс-шарасы өткізілді.

Кәсіби бағдарлау жұмысының мақсаты ІІО қызметкерлерін ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми және педагогикалық магистратурасына және доктарантураға қабылдау шарттары мен құжаттарды тапсыру тәртібімен таныстыру болып өтті. Жиынға қатысқан 16 қызметкерлер арасында 3 қызметкер магистратураны бітіргендігін айтып және докторантураға түсу тәртіптерін сұрастырып қызығушылықтарын білдірді.

Іс-шара барысында академияның ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша магистратураға және доктарантураға кандидаттарды қабылдау емтихандардың нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылатындағы жайында, сонымен қатар, ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы жайлы, магистратура мен доктарантурада білім алудың мәні мен мақсаттары туралы түсіндірілді.
Іс-шара соңында тыңдаушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауаптарын толықтай алды.
Өз кезегінде қызметкерлер болашаққа бағдарлау жолындағы көрсетіліп отырған кәсіби көмек үшін алғыстарын білдірді.

Магистратура бөлімі