«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Ұлттық ұланда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты эстафетасы жоспарланған. Аталған эстафетаның негізгі атрибуты – 1941 жылы Алматы қаласында жасақталып, Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар Режицский, Қызыл ту Ленин орденді, Суворов орденді дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі.

Мақсаты – Отан үшін отқа түсіп қан майданнан аман оралған жауынгерлерге құрмет көрсету, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық жасау. Сонымен қатар болашақ тәртіп сақшыларын және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін қазақстандық патриотизмге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, елінің тарихын насихаттап, Анты мен еліне адал қызмет ету болып табылады.
Аталған іс-шараға 2020 жылдың 12 наурызында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері мен курсанттары қатысты. Эстафета барысында салтанатты түрде Мәңгілік Даңқ алауы ескерткіші алаңында Ақтөбе 6655 әскери бөлімінің өкілдері Мәскеуден Берлинге дейін жеткен Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар Режицкінің, Қызыл ту Ленин орденді, Суворов орденді дивизиясының Жауынгерлік Туын 6697 әскери бөлімі командирінің міндетін атқарушы подполковник Ғалымжан Кибаевке берді. Осы іс-шара аясында салтанатты шеру өтті. Іс-шараға жиналған ҰОС ардагерлері, әскери қызметшілер, Академия қызметкерлері мен курсанттары қаза болған жауынгерлерге бір минут үнсіздік жариялап, гүл шоқтарын қойды.

Эстафета даңқты панфиловшылар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі республикалық маңызға ие 3 қалада, облыстық деңгейдегі 14 қалада және шағын 7 қалада өтеді.
Осы жерде, халық батыры Б.Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».

«Мы — наследники Победы!»

По инициативе Министра внутренних дел Республики Казахстан генерал — лейтенанта полиции Ерлана Тургумбаева на всей территории Республики Казахстан проводится акция республиканского значения «Мы — наследники Победы!», посвященной 75-летию Победы в Великой Отечественной войне.
12 марта 2020 года на площади Парка Победы города Костаная личный состав 3 курса с командиром Знаменной группы майора полиции Заварыко В.В. в торжественной обстановке приняли участие в церемонии передачи копии боевого знамени 8-й гвардейской мотострелковой Режицкой ордена Ленина Краснознамённой ордена Суворова дивизии имени героя Советского Союза, генерал-майора Панфилова И.В. в воинской части 6697 Национальной Гвардии.
Принявший участие в торжественной церемонии, ветераны ВОВ поделились воспоминаниями о нелегких испытаниях, выпавших на долю их поколения, и призвали молодежь всегда помнить, какой дорогой ценой досталась Победа.
Мы должны хранить память о героизме и самоотверженности наших предков.
В завершении церемонии, личный состав 3 курса с гордостью прошел торжественным маршем перед ветеранами Великой Отечественной войны.

Преподаватель кафедры ТСП
майор полиции Заварыко В.В.