«Біз біргеміз!»

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Академия» волонтерлер клубы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған қар күреу бойынша «Біз біргеміз!» атты республикалық акциясын колдап, ішкі істер органдарының ардагері Нина Георгьевна Дудкинаға көмек көрсетті. Олар аулада жатқан барлық қарларды тазартты. Н.Г.Дудкина «Академия» волонтерлер клубына алғысын білдірді.
«Кең болсаң – кем болмайсың» дегендей, бүгінгі «Академия» волонтерлер клубының атқарылған қайырымдылық істері ізгіліктің, адамгершілік қарым-қатынасын және адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Келешекте мұқтаж жандарға көмек беретін, қайырымды бо¬латын ұлағатты ұрпақтардың ер жетеріне сеніміміз мол.