Билимориа Пурушоттама Үнді философиясының тарихы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.-720 бет.

Roultledge баспасының әйгілі «Әлемдік философия» сериясы аясында жарық көрген «Үнді философиясының тарихы» – кейінгі үш мың жыл ішінде үнді ой мектептерінің қалыптасуына елеулі Үлес қосқан түрлі ағымдар мен ғұлама ойшылдар жөнінде жан-жақты мәлімет беретін халықаралық зерттеу жинағы. Жинақты әзірлеуге осы саланың ең беделді ғалымдары қатысқан. Барлығы 58 тараудан тұратын бұл кітапқа енген мақалалар «Таным, контекст, ұғымдар», «Философиялық дәстүрлер», «Өзара ықпалдастық: модерн және постмодерн» деген үш ауқымды тақырып аясында топтастырылған. Осыған дейін қазақ тілінде кешенді түрде үнді философиясын талдаған еңбек болған емес.