БЕЙНЕ ДӘРІС

2019 жылдың мамыр айының 24-ші жұлдызында  308-оқу тобына кураторлық тәрбие сағатыкезінде бейне дәріс өткізілді. Өткізілу мақсаты:курсанттардың білімі мен біліктілігін арттыру,өздерінің болашақ қызметтерінің қызметтік қарым қатынастарынан басқа,болашақ қызметтерінің сырын жетік меңгеру. Сотталғандар арасындағы қарым-қатынас,өзара беделге ие болу,топқа бөліну сонымен қоса сотталғандардың психологиясын терең түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры М.Х. Абисатовтың бейне дәрісі көрсетілді.

 

Дәріс барысында курсанттар қылмыс әлеміндегі өзара жаргондардың мағыналарын,сотталғандар мен қылмыс әлемінің өз араларындағы беделділері жайлы естіп білді.Сонымен қатар қылмыс әлемінде,сотталғандар арасында беделге ие болатын тұлғалардыңпсихологиялық сипаты мен олардың өзараларында қандай қызмет атқаратыны жайлыда ақпарат алды.Мұнымен қоса қылмыс әлемінде және сотталғандар арасындағы беделге ие болғандардың сипатымен танысумен ғана шектелмей, олармен күрес жүргізуде ерекше белсенділік танытқан қызметкерлер тұлғасымен де жақсы танысты.

 

Бейне дәрісті көріп біткен соң курсанттар өз араларында қылмыс әлеміндегі беделділерімен қалай күресуге болатындығын,олармен жұмыс жүргізу үшін жақсы білім керектігі жайлы жіті-қызу талқылады.Курсанттар кураторлық сағат соңында өздерінің мынадай әсерлерімен бөлісті, бейне дәріс оларға жақсы әсер қалдырып,олар өз-араларында бөлек мағынада қолданып жүрген кейбір сөздердің сотталғандар арасындағы жаргон болып табылатындығы және мүлдем бөлек мағына беретіндігі жайлы жақсы түсінгендерін айтты.

ЖІҚ кафедрасы