БАСТАПҚЫ ДАЯРЛЫҚ КУРСЫН 180 ТӘРТІП САҚШЫСЫ БІТІРДІ

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына ағымдағы жылдың   қыркүйек айында облыстардың түкпір-түкпірінен  бастапқы даярлық курсына  келген 180  тағылымдамашы,  бүгін  міне,  3 айлық курсын тамамдады. Оларға салтанатты түрде сертификат табыс етілді.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұраны орындалуымен басталды.  Іс-шараға ішкі істер органының ардагері, Академия басшылығы мен қызметкелері қатысты.

Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов бастапқы даярлық курсының тағылымдамашыларына азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіби білікті  маман болуын, қызметтік міндеттерін адал,  әділ орындауын, меңгерген теориялық білімдерін  қызметте қолданып, нағыз бетке ұстар полиция қызметкері болуды тіледі. Сондай-ақ  сөз кезегі ішкі істер органының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі С.Насыровқа берілді. Ол: «Сіздер болашақ ұрпақ тәртіп сақшыларысыздар! Қоғамдық тәртіпті сақтап, қарапайым халыққа көмек көрсетіп, жауапкершілігі мол, келешек ұрпаққа үлгі болуларың қажет», — деп сөзін тамамдады.

Оқу ордамыздың алаңында 180 тағылымдамашыға ішкі істер органының ардагері, оқу ордамыздың басшылары, кафедра, бөлім бастықтары  сертификаттар табыс етті.  Сонымен қатар  оқыту курсы барысында  оқуда, ғылымда және мәдени-көпшілік,  қоғамдың іс-шараларға  белсене қатысқан  тағылымдамашылар Академия бастығының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Аталған іс-шара соңында тағылымдамашылар атынан Ақерке Қайратбекқызы Академия басшылығына, професорлық-оқытушылық құрамына, жеке құрамға алғысын  білдірді.

Бүгінгі таңда кең байтақ еліміздің тыныштығына жауап беретін, заңды жан-жақты жіті білетін, өздерінің қызметтік міндеттеріне тиянақты және қызмет барысында дұрыс шешім қабылдай алатын, қоғамдық тәртіпті күзететін, өзіне сенім арттыратын, абыройлы, парасатты полицей болу қажет. Академияны тұңғыш бітіріп шыққан біздің түлектер баршаға үлгі боларлықтай полиция қызметкері болатындығына сеніміміз мол!

Баспасөз қызметі