«Ақындар байқауы»

Ұлттық құндылығымыздың бірі – ақындық өнерді дәріптеу. Ақындық өнер — сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі. Ақынның бойындағы осы талантты дәріптеп, оны әрі қарай дамыта білу де маңызды істердің бірі.
Осыған байланысты біздің Академиямыздың қабырғасында білім алып жүрген курсанттардың арасынан да жас ақындарды анықтап, олардың өнерін тамашалау мақсатында 2018 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Күндізгі оқыту факультетінің 1-4 курс курсанттарының арасында тәрбиелік маңызы зор, көркем іс-шаралардың бірі «Ақындар байқауы» ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш іс-шараға курсанттардың арасында ақындық өнерлерімен ерекше көзге түскен дарынды ақын курстанттар қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрып, оның алғашқы кезеңінде әрбір курсант өзінің туындылары арқылы өздерін көрермендерге таныстырды. Екінші кезеңде сайысқа қатысушылар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа арнап жазған жүрекжарды өлең шумақтарын оқып, ал үшінші кезеңде еліміздің бас қаласы – Астана қаласы жайлы тақырыпты қозғады. Соңғы қорытынды кезеңде байқауға қатысушы жас ақындарға әділ қазы алқасы «Болашақ елдің жастары» тақырыбында 3 минут ішінде өлең шумақтарын жазу туралы шарт қойды. Бірақ, шектеулі уақытқа қарамастан курсанттарымыз бірінен-бірі өтерлік жүрек тебірентердей өлең шумақтарымен әділ қазы мүшелерін де, көрермендерді де тәнті қылып, көңілдерін сергіте білді. Сонымен қатар, әрбір кезеңде жас таланттар өздерінің бейнематериалдарын ұсынды.
Ұйымдастырылған байқау қорытындысы бойынша, әділ қазылардың бір ауызды шешімімен байқауға қатысушы әрбір курсант белгілі бір номинация бойынша марапатталды. Сондай-ақ, «Ақындар байқауына» арнайы ұлттық киім үлгісі мен ұлттық музыкалық аспабымыз қасиетті қара домбыра арқылы сахна төріне шыққан 1 курс қатысушыларын ерекше атап өткім келеді. Жалпы, өткізілген іс-шара курсанттарға тәрбиелік жағынан ықпал етумен қатар, шығармашыл жастардың мәдениеттілігін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәнерін арттыруда үлкен үлес қосады. Бір топ курсанттардың арасынан шығып өздерінің таланттарын жасырмай, өнерлерін ортаға салу, сахнада туындыларын қаймықпай көрермен қауымға жеткізе білу ол да бір өнер деп санаймын. Сондықтан, алдағы уақытта шығармашылық жиындарды өткізу барысында ақындық өнерге қызығушылықтарын танытқан ақындарымыздың саны артады деген сенімдемін.

Академия баспасөз қызметінің мүшесі
полиция қатарындағы Э. Канатчина


«Таныстыру»

Адам өзен ағып жатқан тоқтаусыз,
Бүгін жоқсыз ертең мүмкін сіз барсыз.
Біреулері бақыт құсын қондырып,
Ал біреіуін сынап жатыр аяусыз.
Дүниеге сәби болып пәк келген
Жарық анан бұл өмірге әкелген
Жаратылған махаббаттан,жылудан
Ата-анан ай мен күнді әперген
Туған жерің туып өскен кең далаң
Кұшағында саялаған мен балаң
Тарихынан мың ғасырлық сыр шерткен
Қазағымның ерке қызы мен болам
Тектілігін ру мен жүзден таныған
Артық көрген ар-ожданың бағынан
Руым Нияз,орта жүздің тірегі
Ерлері өр,кыз дары жыр,нұр болған.
Ата-анаң тірегін өмірдегі
Тәрбиемен жас күннен өрімдеді
Өмір берген,жас күннен мәпелеген
Әкең,анаң жылуы көңілдегі.
Жолын қуып,әке ізін жалғаған,
Өз өмірін құқықтарға арнаған
Кішкентайдан заң жүйесін ерте естіп
Махаббатпен мамандықты таңдағам
Қарағанды туған өлкем мекенім
Тарих болған жүз ғасырлық ертеңім
Сендей құтты жер қойныныда туылған
Сірә басқа армандарым жоқ менің
Өлмейтін сезім өзіне деген тып-тынық
Қоймаспын енді өзімді жатқа жықтырып
Сүрінбей жүрген өмірдің болмас мықтысы
Сүрінген жерден қайтадан тұру мықтылық
Шумағы шырақ төгер алты дастан
Сөзінде салмақты ой қалыптасқан

1 курс курсанты Бакбаева Аида

«Астана — арман қала»

Астана жайлы болсын бұл тақырып
Дастан өрем алтыннан сырла тұрып
Астанам басқалам шың, бас қамалым
Әр тасын тұмар етем құнын біліп
Естуші ек атын емес Ақмоланың
Естуші ек арқа жайып ақ бораның
Мүмкін емес дәлелдеп мойындатқан
Айбыны арта берсін Астанамның
Астанам айналайын тілсіміннен
Атын бар сақ пен ғұннің тілі сінген
Анкара,Париж,Қытай адыра ғап
Астана деп сені айтады түркі біткен
ЖауҺар қалам жолында жоқ таласы
Оған кепіл кеп көрген ел-сарапшы
Өңірі бай,өзі жас жырлы Астанам
Бар құрлыққа танытты алты алашты
Елім жайлы кеудем жатыр тынбай жыр
Мол шапағат Алладан бұйырған нұр
Елу жылда ел жаңа десе бабам
Астанама не бәрі жиырма жыл
Арманшыл адамдар ақ армандайтын
Болашаққа бұлытсыз жол сал айқын
Қозыдай қарапайым қазағыма
Жол сілтер қараңғыда жарық айсың
Болар ма арналса саған әр күй,ән
Ұрпаққа үлгі жан ұям менің сән ұям
Ығымен емес тіліменен жыр туса
Арнасы сырлы,Арыны жырлы Дариям

1 курс курсанты Бакбаева Аида

«Елбасы»

Екпіні қатты,еңбектеп жүрген баладай
Өлеңім қалды кәдесіне де жарамай
Шабытым қайда кететін ылғи шаттанып
Таусылды әбден таусылды қайтем шарамай
Арнадым өлең қазақтың қайсар ұлына
Тектілік сөзін тиек еттім мен жырыма
Бәрінен бұрын ұлтынның мынау тағдыры
Тапсырған бабам бойына ұлдың шынында
Елбасым,елдің басы,ардақты адам
Бастама бағытынды қолдап ғалам
Жетелеген елімді мұғңараға
Сол үшін халқын сені ардақтаған
Арайлы еркіндіктің таңы атты
Шырайланып ұясына күн батты
Келер күнге көз ілген тояттанып
Ұйқысына тып-тыныш елім жатты
Өйткені алға басқан қадамы бар
Келешегі кемелді заманы бар
Елі үшін өр туған Нұрсұлтандай
Сенім артқан жкрінің адамы бар
Қазағымынң көк туы желбіреген
Әр қазақтың жүрегі елжіреген
Елімнің келешегі үшін қазір
Болашаққа бастар жол келді дер ем
Үндесіп бейбіт өмір сүріп жүрміз
Күн кешіп тыныштықтың қалқасында
Кереген өзгелерден биік боп тұр
Көреген елбасның арқасында

1 курс курсанты Бакбаева Аида

«Таныстыру»

Бісміллә жырдың болсам ас таласы
Айтыстың сөйлесе бір жас баласы
Қостанайлық ардақты ел аманбысың
Ертеңгісін ерте тұрып ойлайтындар
Бабаңның қаныменен жеткен бізге
Қазақтың құтты жерін жайлағандар
Қазақтың ақын туған баласымын
Жылқыдан жүйрік туған аласымын
Бәйгеден теңдік алған мен бір жүйрік
Қазақтың дара туған дарасымын
Таныстырсам өзімді кіші жүзбін
Тындайындар жақсылап құлақ түргін
Ата анам Павлодарды мекен еткен
Аңсаған мұратына сонда жеткен
Ата жұртым Павлодар асыл жаным
Даламды жұпыны деп қарамағын
Жаяу Мұса ,Мәшһүр Жүсіп,Торайғырдай
Киелі жатыр мұнда бабаларым
Сыналған шың жүйрікте мін болмайды
Ойы өткір біреуге күн болмайды
1 курс болсамда шығып тұрмын
Ағайын күш атасын танымайды
Өз жайымды айтып көп не қылайын
Оданда өнеріммен таң қылайын
Жұртқа үлгі,үлкенге өнеге болып
Сахнада керемет сән құрайын

1 курс курсанты Урдабеков Аблайхан

«Астана»

Қол жеткен арман, тәңірдің жетіп сыбыры
Тәуелсіздіктің қалғандай берік,биік тұғыры
Сарыарқадай кең даламды жайлап келген
Астанам арман қалам балаң сенген
Жүрегі елдің бұзылмай келген қаймағы
Тілеген бағы алаштың алты аймағы
Еңселі ордам самұрық құстың ұясы
Елдігім менің ерліктің мәңгі айғағы
Бәйтерек құсап көрсеткен көкке тағылым
Есілдей аққан бірқалыпты етіп ағынын
Шежірем тұнған астана деген бір сөзде
Тарих бар тұнық тереңге жайған тамырын
Астана далам осалдық аяқ баспаған
Бостандық көші Жәнібек Керей бастаған
Ұраны менен таңбасы талай батырдың
Көгілдір туы Абылайхандар қостаған
Қазақтай қабырғалы елім мықты
Кеудесі толған байлық жерім құтты
Жас болсада кеудесін көкке созған
Күллі әлем мойындаған елордамды
Өмірге әкеп ғұмыры шексіз қағанат
Бір алладан үзбеді күдер жамағат
Төгілген қан мен көз жастың қазық түйіні
Астанам менің елбасым салған ғаламат

1 курс курсанты Урдабеков Аблайхан

«Елбасы»

Қасым хан ,қасқа жолмен ел бастаған,
Есім хан, ескі жолмен із тастаған.
Бүгінде жаңа тарих беті ашылып,
Нұрсұлтанның қасқа жолы жарқыраған.
Елдігімнің сыны көп жолдарында,
Қалың қазақ дағдарып қалғанында .
Түнектен елбасымыз елді бастап ,
Жеткізді аңсап жүрген арманына.
Күн астында көк туым желбіреді
Елім деген жүрегім елжіреді
қиын күнде халқына демеу болған
Нұр атамның ерлігін ел біледі
Халқымыздың бірлігі жарасатын
Бізге берсін бабалардың парасатын
Елбасымыз жолдауы арқасында
Елімнің ертеңіне жол ашылды
Нұрсұлтандай еріңнің арқасында
Тәуелсіз тәубелі атқан бүгінгі ақ таң
Кемеңгер елбасның абыройы
Бізге емес жалпы халық елге мақтан
Асқақтатып мәртебесін асқақ елдің
Халқымызды нұрлы жолға бастап едің
Күллі әлем мойындаған елбасыны
Асқарлы алатауға мен теңедім
насихаттап ата баба ерлігін
Баянды еткен қазағымның елдігін
Бостандықтың биік қадап тұғырын
Ақтаған ол алты алаштың сенімін

1 курс курсанты Урдабеков Аблайхан

«Таныстыру»

Асалаумағалейкум ұлы халқым
Қаймақтай сүт бетіне тұңған салтым
Қазағымның батысынан шыққан ақын
3-курс Алнашов Аслан менің атым

Ақын болып шындалған мен бар талап
Паш етейін өленімді, қарсы алшы мархаббат
Міне білдей аға буын ,сол 3-курсымның
Келіп тұрмын алдарына, абыройын арқалап

Өлен жаздым жастайымнан шабыттанып талпынып
Жыр жазайын өздеріне шын жүректен алқынып
Өлен жазу, күй тарту,ақын айтыс төл өнері
Нағыз мықты қаруығой осы қазақ халқымның

2016 жыл алыс кетіп ұядан
Енгезердей жігіт болып бос жүруге ұялам
Бала күннен елім үшін тірек болғым келген соң
Өз жанымды елім үшін ойланбастан қия алам

Байыржан, Рахымжандай бар болған сон нар тұлғам
Ерліктері, батырлығы елі үшін артылған
Сол сияқты адал қызмет ету үшін еліме
Форма киіп қызмет етіп жүріп келем артыннан
Қару ұстап кезектеміз, нарядтамыз күніге
Шырақбектей батырлардың, ерліктері өнеге
Сол бабаның жалғар ізі бүгінде
Мына біздер курсанттармыз әрқашанда қызметте

2 курс курсанты Ерболат Лашын

«Астана»

Ерекше бір ұқсамайтын басқаға
Сұлу көркем,зәулім сарай баспана
Өзгелермен терезесі тең тұрған
Астанамыз тамыры нық, жас қала

Даңқы шықпай жамбай бағы бар тайған
Көше қурап, қабырғасы ортайған
Астаналар көп әлемде ескірген
Мүжік сарай мұнарасы қартайған

Барман да мен сол бір елге құмартып
Өз еліңде қыдырғанда бір артық
Сол бір ескі шахарлардың жанында
Жап-жас біздің Астанамыз мың артық

Таусылмасын бойға біткен даулеті
Еліміз бай көптер бізбен тең емес
Астананың әсемдігі сәулеті
Анкарадан сингапурдан кем емес

Қазақ үшін көтеріліп тік тұрған
Кеуде қағып мақтанатын бас қала
Жиырма-ақ жылда EXPO-ны ұттырған
Міне нағыз басқала,міне нағыз Астана

Бола білген жастарыма баспана
Жайнай берші өсе берші Астана
Жаңа туып көтерілген биікке
Астанамыз жиырмадағы жас қала!

2 курс курсанты Ерболат Лашын

«Елбасы»

Елдің қамы әр ойы бар жұмысы
Қандай үлгі жастарға талпынысы
Еркіндікпен қазаққа бірге келген
Кемел елді жасаған алтын кісі

Елі үшін ерінбей барып шығып
Қара жұртым біледі халық шынын
Қазақ үшін жасаған үлкен ерлік
Қиын қыстау кезеңнен алып шығып

3-Көшбасшымыз,патшамыз нар-тұлғамыз
Аман тұршы құламай мұнараңыз
Барлық қазақ тірекпіз артыңдамыз
Аман болсын жасасын Нұр ағамыз

4-Нурсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Алып шыққан қиыннан ала тұман
Жасай берші елбасы ер тарғыным
Ел бағына жаралған дара тұлғам

5-Тұңғышымыз өзініз елбасымыз
Сізге арнап өлеңім жазар дайын
Қазағымның басшысы ел тірегі
Нурсұлтан Әбішұлы Назарбаев

6-Елімізді көтердің биіктерге
Өзі батыл қырағы биік кеуде
Біраз жылдар сезініп азап дәмін
Сездірдін-ау дәмін сол биіктіңде

Өтті күндер кешегі азап құшқан
Бүгініңде Қазақстан Ғажабстан
Аман болсын нұр ағам жасай берші
Мәңгілік ел егемен Қазақстан!

2 курс курсанты Ерболат Лашын

«Астана – жастардың жүрегінде»

Астана – жастардың жүрегінде,
Дуалы қариялар тілегінде.
Астана – мына менің төл құрдасым
Айналдың бүгінде ел тірегіне.
Астана – жастардың махаббаты,
Һақ берген мейірім, шапағаты.
Аспанынан әр дайым нұр жауатын
Алланың төгіп тұрған шапағаты.
Астана – жастарға үлгі қала,
Одан қарап бой түзер барлық бала.
Бүкіл жасқа насихат жүргізуде
Рухани жаңғырсын деп әрбір сана.
Астана – жастығымның куәсі,
Әлі есімде Ақ орданың сұлбасы,
Ақ орданың сұлбасын еске алсам
Қатар келед Елбасымның тұлғасы.
Астана – жас қалалар символы,
Көз қуантар құрылыстар қимылы,
Сөз тимесін, көз тимесін көркіңе
Өтпесе екен жамандардың пиғылы.
Астана – жақсы жандар мекені,
Өйткені онда адалдық үстем етеді.
Астананың жұрты сондай керемет
Мейірімі баршамызға жетеді.

4 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан Асқарбекұлы

Астана – жиырмадағы жас қала
Астана – жиырмадағы жас қала,
Жас болса да, билік айтар бас қала.
Аз уақытта кереметке айналып,
Сонысымен үлгі боп тұр баршаға.
Ойлаймыз – ау, жиырма да жас бекен,
Жиырмадағы жігіт отау басы екен,
Бар болғаны жиырма жылдың ішінде
Гүлденген баққа айналды лас мекен.
Бар байлығым, сөз қорымды аямайын,
Жас қаланы тобық түйін баяндайын,
Даңғылында көліктер желдей ызғып
Табаны күнге күйген шаяндайын.
Қылаң беріп таң, күн шыққанда,
Шұғыласы қызу беріп талшықтарға,
Сарбаздай сап түзеп, қатар тұрып
Ғимараттар көзін сүртер қылшыққанда.
Есіл өзен қақ ортада сызылып тұр,
Қос жағаның ортасында қысылып тұр.
Үстіне жармаса мінгесіп ап
Дүмбілдей боп көпірлері тізіліп тұр.
Ал, Бәйтерек символы Астананың,
Жасырмаймын өзің болдың аңсағаным,
Астананың ажырамас жан жолдасы
Көрмеппін бір сәтке де тастағанын.
Алты қанат ақ орда шайқалғанда
Қырлар асып жайлауда жайтанғанда
Киіз үйдің байқадың ба үлгісін
Хан Шатырдың сыртын көріп айналғанда.
Айта берсем көп – ақ, әсем ғана,
Ғимараттар жетеді Астанада,
Түні тіпті жанарыңның жауын алар
Биік үйден қалаға көз тастағанда.
Жиырма жылда Астана не көрмедін,
Ерлік көрдік біраз шаруа еңсергенін.
Қаншама дау — дамайдың басын шешіп
Татулықтың мекеніне жол сілтедің.

4 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан Асқарбекұлы

«Нұрағаңа!!!»

Ашқан кезде бұл тұлға дүние есігін,
Нұрсұлтан деп атапты ұлы есімін.
Сәбиді көру үшін атып шығып
Таң нұры тербетіпті құт бесігін.
Жаратқанның сыйы екен жаратылған,
Милиардтардың ішінен дара туған.
Асу шыңды бағындырған абыройың
Мықты боп тұр қыранның қанатынан.
Халқы үшін еңбегі ұшан теңіз,
Елі десе шығарда жаны егіз.
Жұрт алдында сөйлеген әр сөзінен
Сезіледі құлаққа жылы лебіз.
Қазақтың Нұрағаңдай алып ері,
Халқына Азаттығын алып берді.
Сарарқаның төріне гүлдендіріп
Астанадай әсем шаһар салып берді.
Әлемге мәшһүр болды оның аты,
Сірә бұрын көрмеппін мұндай басшы.
Тіпті мына біздің оқу орнымызда
Сақталу тұр әлі күнге жазған хаты.
Қазағымның соғып тұрған жүрегі,
Халқымыздың сүйеніші,тірегі.
Отаны үшін түн ұйқысын ұмытқан
Ел – жұртының, тыныштығы тілегі.
Кешегі өткен хандарымның сарыны,
Есімі көктегі күннің жалыны,
Еңбегіңді жырлап өтем әр қашан
Аман болшы, елімнің күре тамыры.

4 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан Асқарбекұлы

Өзім жайлы (еркін тақырып).

Тегім менің Тұрсынбай,
Асқарбектің ұлымын.
Ештеңеге табынбайм,
Бір Алланың құлымын.
Жүйіткеймін сағымдай,
Кеше туған құлынмын.
Ұстап тұрған үзілмей,
Желкедегі жұлынмын.
Біссіміллә деп бастайын
Иманы бар жастайын.
Жүргеім Алла деп тұрса
Ауызымнан қалай тастайын.
Іске сәт Алла жар болғай
Мен жақсы іс бастаймын.
Жаман қылықты тастаймын,
Күнә істен аулақ боп,
Сауап істен қашпаймын.
Әуретімді көз қылмай,
Арымды мен сақтаймын.
Оразада тығылмай,
Тәнімді күнге қақтаймын.
Жамандардан жиреніп,
Жақсыларды жақтаймын.
Білім алып, көп оқып
Ой санамды баптаймын.
Алла жазса бір күні
Мекке есігін аттаймын.
Тілім кесіп алса да
Шындық айтпай қайтпаймын.
Шаңқай түсте болса да,
Еңбек етпей жатпаймын.
Кінәліні жазалап
Кінәсізді ақтаймын.
Мен қазақтың баласы
Ішінде жоқ аласы.
Даласы қандай кең болса
Сондай дархан баласы.
Мендегі тек аласы
Көздегі ақ қарасы.
Ренжітсе де біреулер
Ешкімге жоқ наласы,
Бұл балаңның рухани
Жаңғырып тұр санасы.

4 курс курсанты Тұрсынбай Думанжан Асқарбекұлы