Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен кездесу

2019 жылдың 12 қыркүйегі күні Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының аумағына әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушылары М. Жұмашев пен А.Әбдәлінің және мемлекеттік тіл бөлімшесінің инспекторының шақыртылуымен қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші — журналист, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, халықаралық шығармашылық Академиясының корреспондент — мүшесі, Ақылбек Қожаұлы Шаяхметпен күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 203-208 тобының курсанттарымен кездесу ұйымдастырылды.
Ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, саяси қайраткері Ақылбек Шаяхмет өзінің бақытты кілті-балалық шақта деп балалық қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Кездесу аясында өзінің таяуда ғана жарыққа шыққан «Сағыныш» атты кітабін әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушы А. Әбдәліге сиға тартты.

Кездесудің қызықты өтіп, тыңдаушылар құрметті қонағымызға драматургия, ақындық, жазушылық жақтарынан бірқатар сұрақтарын қойды.

ӘҚ және ӘҚ кафедрасының оқытушы
полиция капитаны     
А. Әбдәлі