Аты аңызға айналған Әубәкір Дүйсенбин

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ӘУБӘКІР ДҮСЕНБИН

Әубәкір Дүйсенбин — Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1938 жылғы бірінші сайлауының депутаты. Қан майданға өз еркімен кетіп, Ұлы Отан соғысында қаза тапты. Есімі Қазақстан Республикасының Парламентінде алтын әріппен жазылған.

Біздің нағашы атамыз Әубәкір Дүйсенбіұлы 1906 жылы Қостанай облысындағы Амангелді ауданындағы бұрынғы №10 ауылда (Құм кешу) кедей семьясында туған. Амангелдіде екі кластық мектепте оқыды. 1929-30 жылдары Жаңақоныс ауылдық кеңесіндегі «Елтай» колхозының мүшесі бола жүріп, колхоздастыру жұмысына белсене араласады. 1932-34 жылдарында мал басын екі есе артық өсіріп, тамаша ерлік көрсетеді. Бұл елімізде социалистік жарыс қарқын алып, Алексей Стаханов бастаған қозғалыстың кезі болғандықтан, оған осы қол жеткен табысы үшін Амангелді ауданында тарихында бірінші болып «Стахановшы» деген атақ беріледі, «КСРО-ның XV жылдығы» значогымен марапатталады.
Қолхоз шарушылығын өркендетуге белсене кірісіп, бірнеше ұсақ серіктестіктерді Киров атындағы колхозға біріктіріп, шаруашылықты алға бастыруда ұйымдастырушылық қабілетін көрсетеді. Дәлірек айтқанда, ол «Киров» колхозын өзі ұйымдастырып, соның іргетасын өз қолымен қаласып, шаруашылықты алдыңғы қатарға шығаруға зор үлес қосады. 1934-36 жылдарында Киров колхозында ферма меңгерушісі, 1937 жылы колхоздың басқармасы болып қызмет атқарады.
1938 жылы Әубәкір Дүйсенбіұлы халық қалаулысы атанып, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланады. Өзінің депутаттық міндетін барынша іскерлікпен атқарады. Соның нәтижесінде 1941 жылы Москвадағы Бүкілодақтық Халық Шаруашылық Көрмесіне де барып қайтады.
Осы сайлаудан кейін ол Киров колхозының төрағалығынан Аманкелді аудандық Советі атқару комитеті төрағасының орынбасарлығына жоғарылатылды. Аудандық Советі атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған кезде жастарды тәрбиелеу ісіне көп көңіл бөледі.
Сол арада өз іргесін қалаған Киров колхозының даму қарқыны бәсеңдей бастағанына қатты алаңдайды да, өз тілегімен 1940 жылы қайтадан басқарма төрағасы болады. Бірақ, жаңалыққа жаны құштар, жүрегі елім деп соғатын депутаттың көптеген іс-жоспарлары іске аспай қалады.
1942 жылдың маусым айында өзі тіленіп, комсомолдық билетпен, депутаттық мандатпен соғысқа кете барады. Соңғы жазған хатында: «Ұрысқа 25 шақырым жер қалды, ертең ұрысқа кіреміз. Жеңім жастық, етегім төсек. Сау болыңдар, ендігі хатты аман шықсам көрерсіңдер» жазған деп еске алады әкесінен 6 жаста қалған менің анам.
Артында анасы, біздің үлкен нағашы әжеміз, әйелі Қаниша және үш баласы – қыздары 12 жасар Аңсаған, біздің анамыз – 6 жасар Торта, алты айлық ұлы Қонысбай қалды.
1975 жылдан бастап анамыз Торта әкесі туралы мәліметтерді, ақпараттарды, материалдарды іздестіре бастады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумына, Қазақстан Компартиясы Қостанай облыстық комитетінің мұрағатына, халық депутаттары облыстық Кеңесінің Қостанай атқарушы комитетінің мұрағатына хаттар жазып, құжаттарының көшірмелерін алды. Әкесінің достарының, көзін көрген замандастарының, әріптестерінің, туыстарының естеліктерін жинады. Қолдарына түскен барлық материалдарды анамыз 1982 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының мұражайына, Арқалық қаласының өлкетану мұражайына тапсырды.
Әр жылдары нағашы атамыздың ерен еңбегі туралы мақалалар газет беттерінде жарияланды. «Большевиктік жол» газетінде 1937 жылдың
5 қаңтарында «Құм кешу колхоздың ырысы болды», 1937 жылдың
14 ақпанында «Әубәкір Дүйсенбин» атты мақалалар жарияланған. Газеттегі суретінің астында: «Дүйсенбин Әубәкір – Амангелді ауданы «Елтай» серіктігінің екпінді мал өсіруші мүшесі, жеке пайдалануында 66 бас малы бар. «Қазақстанның 15 жылдығы» значогын алған» деп жазылған.
Кейін мерзімді баспасөздерде атамыз туралы замандастарының естеліктері, журналистердің, ғылыми зерттеушілердің мақалалары жарияланды («Торғай таңы» газетінің 1987 жылғы 5 маусымдағы санында
Ә. Ламашевтің «Ел есінде» мақаласы; 1990 жылғы 24 наурызда «Дидар» газетінде шыққан У. Хайруллиннің «Алғашқы депутат» мақаласы; «Ұмытылмас есім» атты мақалаға орай «Торғай таңы» газетінің 1990 жылғы 8 желтоқсандағы санында «Елін сүйген ер еді» атты мақала; 1991 жылғы
5 қазандағы «Халық кеңесі» газетінде Ербол Байтоғаевтың « Майданға мандатпен аттанғандар» атты мақаласы; 1992 жылғы 26 желтоқсандағы «Торғай таңы» газетінде К. Батырғалиеваның «Амангелді…, жоқ, Дүйсенбин көшесі» мақаласы; 2005 жылғы 23 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» газетінде Әлисұлтан Құланбайдың «Он үштің бірі. Әубәкір Дүйсенбиннің рухымен сырласу» мақаласы).
1992 жылғы 18 қырүйекте Амангелді селолық кеңесінің Халық депутаттары сессиясы қаулысымен жерлестерінің құрметіне жастай ие болған, Отан үшін жанын қиған Әубәкір Дүйсенбиннің есімі өзі қызмет атқарған Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылының орталық көшесіне берілді.
2014 жылы анамыз Торта әкесі Дүйсенбин Әубәкір туралы мерзімді баспасөздерде жарияланған мақалаларды, замандастарының естеліктерін және мемлекеттік органдардан алынған материалдарды жинастырып, «Дүйсенбин Әубәкiр немесе тамырын жайған бәйтерек» атты естелік кітап шығарды. Ол кітап Қазақстан Республикасының Ұлттық электрондық кітапханасының қорында бар (kazneb.kz).
Біраз уақыттан бері атамыздың Сталинград түбіндегі шайқаста қаза тапқан деп жүрдік. Қай жерде жерленгені белгісіз болды.
Интернет пайда болғаннан кейін, шамамен 2014 жылғы мамырда Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «Мемориал» сайты ашылып, 70 жыл өткеннен кейін Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің мұрағаттағы құпия тізімі жарияланды.
Інім Қаныш пен келінім Наташа атамыздың жерленген жерін табу үшін біраз еңбек сіңірді. Сол сайттан Дүйсенбин Әубәкірдің атын іздеп, аты-тегі «Дойсейбин Аубакир» деп жазылса да, тауып алды. Бондаревка ауыл кеңесінің төрағасы Александр Борисович Тищенкомен хат жазысып, мәліметтер алып отырды. Соның нәтижесінде, біздің атамыз, Дүйсенбин Әубәкір, 1-ші гвардиялық армияның 195-ші атқыштар дивизиясының 573-ші атқыштар полкінің құрамында соғысып, Украина жерінде – Луганск облысы Марков ауданы Бондаровка ауылында жерленгені белгілі болды.
Бондаровка ауылында КСРО уақытынан бері мемориалдық кешен бар екен. Сол кешеннің ішінде біраз жауынгерлердің аты жазылған көктастар бар екен. Әубәкір Дүйсенбиннің аты жазылмаған екен. 2016 жылы Бондаровка кентіндегі Мемориал — Кеңес жауынгерлерінің бауырлас зиратында Бондаревка ауыл кеңесі өз күшімен Әубәкір Дүйсенбиннің аты жазылған ескерткіш көктас қойды. Оларға алғысымыз, ризашылығымыз шексіз.
Бондаревка ауыл кеңесінің төрағасы Александр Борисович Тищенко келесі ақпаратты жолдады:

«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫ МАРКОВКА МЕН МАРКОВ АУДАНЫН АЗАТ ЕТУ

1942 жылдың 11 шілдесінде фашистер Марков ауданын басып алды. 1942 жылдың желтоқсанының екінші жартысында Воронеж және Оңтүстік-Батыс майдандарының әскерлері Орта Донда операцияны өткізді, оның барысында жаудың 27 дивизиясын жойып, 150-200 шақырымға жылжыды. 1942 жылдың 31 желтоқсанына дейін майдан желісі Марков ауданы бойынша Бондаровка, Кризское, Марковка, Гераськовка ауылдары арқылы және одан әрі жаңа Калитваға қарай өтті.
Марков ауданының аумағын Оңтүстік-Батыс майданының әскерлері азат етті: оңтүстіктен 195-ші атқыштар дивизиясы (армия қолбасшысы генерал-полковник В.И. Кузнецов), ортасында және солтүстіктен — 6-шы армияның 15-ші атқыштар корпусы (командармы генерал-лейтенант Ф.М. Харитонов). 195-ші атқыштар дивизиясының бөлімдері үш күн бойы Бондаровка және Курячовка ауданындағы жаудың қарсыласуына тойтарыс берді. 14 қаңтарда сағат 11.00 564-ші атқыштар полкі Марковка мен Кризское арасындағы учаскеде шабуылға шықыты. Шамамен сағат 16.00-де, қарсылық көрмей, полк Марков ауданы Тошковка ауылына жақындады.
1943 жылғы 16 қаңтарда Марковка оккупанттардан босатылды. Ауданды азат етуге арналған ұрыстарда 1-ші гвардиялық армияның және 6-шы армияның 2100-ден астам сарбазы, сержанттары мен офицерлері қаза тапты.
Марков ауданының аумағында 2100-ден астам азат етуші жауынгерлер жерленген 22 бауырлас зират бар, олардың бірі: Мемориал — Бондаровка ауылындағы Кеңес жауынгерлерінің бауырлас зираты, онда азаттық ұрыстардан кейін 525 жауынгер, оның ішінде 15 офицер және 510 сержант пен сарбаз жерленген. 1947 жылы осы жерде ескерткіш ретінде Бондаровканы азат еткен танк орнатылды және онда: «Бондаровка селосын азат еткен 195-ші атқыштар дивизиясының 564-ші және 573-ші атқыштар полкінің жауынгерлері жерленген» деген мәтін бар мемориалдық тақтайша орнатылды.
1957 жылдың 23 сәуірінде қайғырып отырған ананың ескерткіші орнатылды және басқа бауырлас зираттардан солдаттардың мәйіттері қайта жерленді.
2016 жылдың тамыз айында Дүйсенбин Әубәкірге мемориалдық тақта орнатылды».
Әубәкір Дүйсенбиннің ұрпақтары.
Үлкен қызы Аңсаған 1983 жылы 53 жасында осы өмірден өтті.
Қызы Торта мен ұлы Қонысбай еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанда тұрып жатыр.
Барлығының да балалары, немере-шөбелері бар. Олар Қостанай облысының Амантоғай, Тасты, Силантьевка деген елді мекендерде, Қостанайда, Арқалықта, Ақтауда, Нұр-Сұлтанда әр түрлі салаларда өз еліне қызмет істейді. Әубәкір Дүйсенбиннің ұрпақтарының ішінде мұғалім, есепші, дәрігер, инженер-механик, теңіз офицері, қаржыгер, заңгер, банк қызметкерлері, т.б. бар. Бәрі де ел қатарындағы бір-бір шаңырақ иесі.
«Елiнiң егемендiк алғанын, тәуелсiз ел болғанын, Ұлы Жеңiстiң 75 жылдық мерекесiн көрмегенi болмаса, әкем Әубәкiр қазiр тамырын тереңге жайған бәйтерек», — дейді қызы Торта.
Біздің болашағымыз үшін өз өмірін қиған, аты аңызға айналған нағашы атамыз, Дүйсенбин Әубәкірді, біз мәңгі есте сақтаймыз, қадір тұтамыз және оның ұрпағы болғанымызды мақтан етеміз.
Атамыз жерленген жерге барып, туған жерінің топырағын жеткізу жоспарда бар және барамыз деп үміттенеміз.

Гүлзейнеп Сапарғалиқызы Садвакасова,
ғылыми-зерттеу және редакциялық- баспа жұмысын
ұйымдастыру бөлімінің редакторы,
запастағы полиция подполковнигі

 

НАШ ЛЕГЕНДАРНЫЙ ДЕДУШКА АУБАКИР ДУЙСЕНБИН

(1906-1942)

Аубакир Дуйсенбин был избран депутатом Верховного совета Казахской ССР первого созыва в 1938 году. Добровольцем ушел на фронт и погиб в бою в Великой Отечественной войне. Имя его написано золотыми буквами на памятной доске в Парламенте Республики Казахстан.

Наш дедушка по матери Аубакир Дуйсенбин родился в 1906 году в бывшем ауле №10 (Құм кешу) Амангельдинского района Костанайской области в семье бедняка. Учился в двухклассной школе в Амангельды. В 1929-30 годах, став членом колхоза «Елтай» Жанаконысского сельского совета, принимал активное участие в становлении коллективного хозяйства. Внес большой вклад в развитие хозяйства родной земли, увеличив поголовье общественного скота в 1932-34 годах. Так как это было время социалистического соревнования в стране и движения во главе с Алексеем Стахановым, ему первым в истории Амангельдинского района за достигнутые успехи было присвоено звание «Стахановец», награжден значком «15 лет КазССР».
Активно приступив к развитию колхоза, объединил несколько мелких товариществ в колхоз имени Кирова. Он внес огромный вклад в организацию колхоза, заложив его фундамент и выведя хозяйство в передовые. В 1934-36 годах работал заведующим фермой в колхозе имени Кирова, в 1937 году — управляющим.
В 1938 году Аубакир Дуйсенбин был избран депутатом Верховного Совета Казахской ССР первого созыва. Свои депутатские функции выполнял со свойственными ему ответственностью и деловитостью. В результате в 1941 году он был направлен в Москву на Всесоюзную Выставку Народного Хозяйства.
После выборов с должности председателя колхоза имени Кирова он был выдвинут на пост заместителя председателя исполкома Амангельдинского районного Совета. Во время работы заместителем председателя исполкома районного Совета уделяет большое внимание делам молодежи.
Видя, что в основанном им колхозе имени Кирова замедлились темпы развития, в 1940 году Аубакир Дүйсенбин по собственному желанию снова переходит на должность председателя правления. Но многим планам стремящегося к новому, любившего свою землю, свой народ депутата не суждено было осуществиться.
В июне 1942 года он с комсомольским билетом, депутатским мандатом добровольцем ушел на фронт. В последнем письме он писал: «До боя осталось 25 километров, завтра мы вступим в бой. «Рука вместо подушки, подол вместо постели». Будьте здоровы, следующее письмо напишу после боя, если буду жив». После этого он пропал без вести, вспоминает моя мама, ей было тогда 6 лет.
У дедушки остались мать, наша прабабушка, жена Каниша и трое детей – дочери 12-летняя Ансаган, 6-летняя Торта, наша мама, и 6-ти месячный сын Конысбай.
С 1975 года наша мама начала искать сведения, информацию, материалы об своем отце. Писала письма в адрес Президиума Верховного Совета Казахской ССР, архива Кустанайского обкома Компартии Казахстана, архива Кустанайского исполкома областного Совета народных депутатов и получила копии документов о своем отце. Собирала воспоминания друзей, коллег, современников, родственников отца. Все найденные материалы мама передала в 1982 году в музей Аркалыкского педагогического института им. Ибрая Алтынсарина, а также в краеведческий музей г. Аркалыка.
В разные годы статьи о самоотверженном труде дедушки были опубликованы на страницах газет. 5 января 1937 года в газете «Большевиктік жол» были опубликованы статьи «Құм кешу колхоздың ырысы болды», 14 февраля 1937 года — «Әубәкір Дүйсенбин». Под его фотографией в газете было написано: «Дуйсенбин Аубакир — член товарищества «Елтай» Амангельдинского района, ударник труда по разведению поголовья скота, в личном пользовании имеет 66 голов скота. Получил значок «15 лет Казахстана».
Позже в периодической печати опубликованы воспоминания, статьи современников, журналистов, научных исследователей о дедушке (статья А. Ламашева «Ел есінде» в газете «Торғай таңы» от 5 июня 1987 года; статья У. Хайруллина «Алғашқы депутат» в газете «Дидар» от 24 марта 1990 года; в связи со статьей «Ұмытылмас есім» опубликована статья «Елін сүйген ер еді» в газете «Торғай таңы» от 8 декабря 1990 года; статья Ербола Байтогаева « Майданға мандатпен аттанғандар» в газете «Халық кеңесі» от 5 октября 1991 года; статья К. Батыргалиевой «Амангелді…, жоқ, Дүйсенбин көшесі» в газете «Торғай таңы» от 26 декабря 1992 года; статья статья Алисултана Куланбая «Он үштің бірі. Әубәкір Дүйсенбиннің рухымен сырласу» в газете «Егемен Қазақстан» от 23 апреля 2005 года).
18 сентября 1992 года постановлением сессии Амангельдинского сельского совета народных депутатов центральной улице в селе Амангельды Амангельдинского района Костанайской области, где он работал, было присвено имя нашего дедушки — Аубакира Дуйсенбина, с молодости пользовавшегося уважением односельчан, отдавшего жизнь за свою Родину.
В 2014 году мама издала в память своего отца книгу «Дүйсенбин Әубәкiр немесе тамырын жайған бәйтерек», в которой были собраны статьи о нем, опубликованные в средствах массовой информации, воспоминания друзей, коллег, односельчан, родственников и материалы, полученные от государственных органов. Эта книга находится в базе Национальной электронной библиотеки Республики Казахстан (kazneb.kz).
На протяжении долгого времени было известно о гибели дедушки в битве под Сталинградом. Место захоронения было неизвестно.
Появился интернет. Примерно в мае 2014 года был открыт сайт Министерства обороны Российской Федерации «Мемориал», через 70 лет был рассекречен архивный список воинов, погибших в Великой Отечественной войне.
В том, что нашлось место захоронения дедушки, немалая заслуга нашего брата Каныша с супругой Наташей. Несмотря на то, что имя и фамилия дедушки были записаны как «Аубакир Дойсейбин», Наташа нашла его в списке захороненных в братской могиле. Вела переписку с председателем Бондаревского сельского совета Тищенко Александром Борисовичем, который направлял информацию, фотографии. Так стало известно, что наш дедушка, Дуйсенбин Аубакир, воевал в составе 573-го стрелкового полка 195-й стрелковой дивизии 1-й гвардейской армии и был похоронен на украинской земле — в селе Бондаровка Марковского района Луганской области.
В селе Бондаровка имеется мемориальный комплекс со времен СССР. В этом комплексе установлены памятные плиты с именами погибших воинов. Плиты с именем Аубакира Дуйсенбина не было. В 2016 году в Мемориале – братской могиле советских воинов в поселке Бондаровка Бондаревский сельский совет своими силами установил памятник с именем Аубакира Дуйсенбина. Мы им безмерно благодарны и кланяемся до земли от имени всех потомков Аубакира Дуйсенбина.
Такую информацию направил председатель Бондаревского сельского совета Тищенко Александр Борисович:
«ОСВОБОЖДЕНИЕ МАРКОВКИ И МАРКОВСКОГО РАЙОНА В ГОДЫ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЫ
11 июля 1942 года фашисты оккупировали Марковский район. Во второй половине декабря 1942 года войска Воронежского и Юго-Западного фронтов провели на среднем Дону операцию, в ходе которой уничтожили 27 дивизий противника, и продвинулись на 150-200 км. К 31 декабря 1942 г. линия фронта проходила по Марковскому району через села Бондаровку, Кризское, Марковку, Гераськовку, и далее на Новую Калитву.
Территорию Марковского района освобождали войска Юго-Западного фронта: с юга 195-я стр. дивизия 1-й гв. армии (командующий армией генерал-полковник В.И. Кузнецов), в центре и с севера 15-й стр. корпус 6-й армии (командарм генерал-лейтенант Ф.М. Харитонов). Части 195-й стр. дивизии на протяжении трех дней ломали сопротивление врага в районе Бондаровки и Курячовки. 14 января в 11.00 564 с.п. перешел в наступление на участке между Марковкой и Кризское. К 16.00, не встречая сопротивления, полк достиг подступов к Тошковке (Марковский р-н).
16 января 1943 г. Марковка была освобождена от оккупантов. В боях за освобождение района погибло более 2100 солдат, сержантов и офицеров 1-й гвардейской и 6-й армий.
На территории Марковского района 22 братские могилы, в которых покоится более 2100 воинов-освободителей, одна из них: Мемориал – братская могила советских воинов в селе Бондаровка, где после освободительных боев захоронены 525 воинов, из них 15 офицеров и 510 сержантов и солдат. Здесь в качестве памятника в 1947 году установлен танк, на котором освобождали Бондаровку, и установлена мемориальная табличка: «Здесь похоронены воины 195 стрелковой дивизии 564 и 573 стрелковых полков, освобождавшие село Бондаровка».
23 апреля 1957 года был установлен памятник скорбящей матери и произведены перезахоронения из других братских могил.
В августе 2016 года установлена мемориальная плита Дуйсенбину Аубакиру».

Потомки Аубакира Дуйсенбина.
Старшая дочь Ансаган умерла в 1983 году на 53-м году жизни.
Дочь Торта и сын Конысбай проживают в столице страны Нур-Султане.
У всех есть дети, внуки и правнуки. Они проживают в населенных пунктах Амантогай, Тасты, Силантьевка Костанайской области, в Костанае, Аркалыке, Актау, Нур-Султане, работают в различных сферах жизни на благо нашей страны. Среди потомков Аубакира Дуйсенбина есть учителя, врач, инженер-механик, морской офицер, финансисты, юристы, банковские работники и т.д. Слава богу, у всех семьи, растят детей, внуков.
Мы, его потомки, гордимся, помним и чтим память своего легендарного дедушки, Дуйсенбина Аубакира, который отдал свою жизнь за наше будущее.
Планируем и надеемся съездить на могилу своего дедушки и повезти горсть родной земли на его могилу.

Гульзейнеп Сапаргалиевна Садвакасова,
редактор отдела организации научно-исследовательской
и редакционно-издательской работы,
подполковник полиции запаса